ТаңдаулыТаңдаулы1

Келімбетов: Жалғыз сенім артуға болатын нәрсе – икемің мен ақыл-ойың

Be A-Pro конференциясында танымал қазақстандық журналист Ольга Каплина «Астана» Халықаралық Қаржылық Орталығының басшысы Қайрат Келімбетовпен жас мамандардың кәсіби өсуі мен олардың мүмкіндігі жайлы ашық сұхбат өткізді. Әңгіме барысында кәсіби тақырыптардан бөлек, Қайрат Нематұлы өзінің отбасы мен әкесінен алған сабақтары жайлы да айтып өтті.

Біз осы сұхбаттың толық нұсқасын жариялап отырмыз.

– Қайрат Нематұлы, Сіз МГУ-де Кибернетика және есептеу математикасы факультетінде білім алдыңыз. КСРО-да кибернетикаға қатысты түрлі пікірлер болды, тіпті оны жалған ғылым деп те жатты. Неге сіз осы мамандықты таңдауды жөн көрдіңіз? Сол кезде кибернетика негізіндегі болжамдар мен анализдердің болашағын көре алдыңыз ба?

– Бүгін  Үздіксіз кәсіби даму бюросының ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференцияға қатысқаныма қуаныштымын. Бұл мен үшін жас мамандармен кездесіп, өз тәжірибеммен бөлісуіме керемет мүмкіндік деп білемін. Осы залда отырғандардың жасы ары кетсе 30-да болар. Неге мен олардың жасын ауызға алдым? 33 жасқа толған кезімде мемлекет басшысы мені Экономика министрі етіп  тағайындады. Со бастап өзімді жаспын деп санауды доғардым (күледі – автор ескертпесі).

Мен 80-жылдар жайлы айта кетейін. Себебі бүгінгі жастар ол кезеңнен хабарсыз болар. Ол кезде КСРО және АҚШ державаларының, ең алдымен, интеллектуалдық және технологиялық теекетіресі болды. Бұны не үшін айтып отырмын? Өйткені қазір де ештеңе  өзгерген жоқ. Саналы азаматтар мен  талант және технологияға деген бәсекелестік әлі күнге дейін жалғасып келеді. Сондықтан бәсекеге қабілеттілі, әсіресе технологиялық  бәсеке мені қатты қызықтырды. Менің ағам ММУ-дің физика факультетінде оқыса, мен атақты РФММ-да білім алдым. Сондықтан да ЖОО таңдау барысында басым қатқан жоқ. Есептеу математикасы мен кибернетика факультетіне түстім. Қазір оны IT және Computer science деп атайды.

Бірінші курс студенті болған 1986 жылы-ақ  біз алгоритм тілі, дискретті математика, Тьюринг машинасын және  желілік бағдарламауды зерттедік.

Менің кафедрам «Операцияны зерттеу» деп аталды және білім алу экономиканы математикалық модельдеумен тығыз байланысты болды. Бірақ менің жатақханадағы жақын араласатын көршілерімжасанды интеллект кафедрасынан болды.

Енді сіз сол кездегі АҚШ пен КСРО, ал қазір көбінесе АҚШ пен Қытайдың неге бәсекелесіп келе жатқанын түсіне аласыз. Мысалы го ойынының –Қытай шахматынан айырмасы аз. Айтпақшы, баршаңызға осы ойынды үйренуге  кеңес берер едім. сСебебі ол стратегиялық ойлау қабілетін қалыптастырады. Жақында Го-дан адамды жеңген Google Alfa Go машинасын ойлап тапты. Бұл – адам үшін жағымды жаңалық емес. Тағы бір нашар жаңалық, олар енді өзімен-өзі ойнайтын Alfa Zero машинасын шығарды. Ізденіп жүріп технологиямен жастайымнан танысқан менің жолым болды. Бұл менің жұмысымда әлі күнге дейін көмектеседі.

– Адамды машина жеңіп жатыр. Осы жылдар ішінде көп нәрсе өзгерді. Сіз оқыған кезде компьютер бір бөлмені бірақ алып тұратын, қазір бір ғана ұялы телефонда бес есе көп мүмкіндік бар. Өз-өзіңізді дамытуға қазір уақытыңыз бар ма?

– Рас айтасыз Қазір технология жылдам дамып келе жатқаны сондай, . , тіпті мектеп пен университеттегібіз оқыған классикалық білім жүйесінің уақыты  өтті. Оқып жүрген кездің өзінде-ақ  технология  дамып кетеді. Бүгінгі үлкен тренд – қаржылық аналитик, ағылшын құқығының заңгері, тіпті қарапайым мамандықтардың өзін компьютер алмастыру болып отыр. Сарапшылардың пікірінше, алдағы уақытта қаржылық секторда айтарлықтай өзгерістер болады, себебі адами ресурстарды автомат алмастырып келеді.

– Қорқа берсек бола ма?

– Бұны әркім әрқалай қабылдайды. Менің ойымша, технология енгізу адамның жүгін азайтып, оның жаңа, шығармашылық еңбекке ыңғайлануына мүмкіндік береді. Сондықтан жастар жүйелі ойлап, жан-жақты білім алуы  маңызды. АХҚО бюросы аясында дайындап жатқан білім беру бағдарламамызды өз ішімізде интеллектуалды мағынада «Ironman» деп атадық.

АХҚО бюросы CFA, ACCA, CIMA және тағы да басқа сертификатталған әлемдік орталықтармен келісім жүргізіп жатыр. Біз қазақстандық жас мамандар үшін жаһандық 9 сертификация таптық. . Осы кәсіби сертификациядан өткендердің шығынын  АХҚО өтеп береді. Сонымен қатар, біз Coursera арқылы онлайн және офлайн білім алуға да мол мүмкіндік ұсынбақпыз. Жергілікті және әлемдік қаржыгерлерді шақырамыз. Олар өз тәжірибесімен бөліссе, тыңдаушылар өзіне ментор таңдай алады. Біз нарыққа онлайн және офлайн қызмет ұсынамыз. Алдымызға супер-мақсат қойып отырмыз. Қазақстан әлемдік қаржылық қызмет аутсорсингінің орталығы болғанын қалаймыз.

Егер бәсекелестікке келер болсақ, ең ірі ІТ орталықтар – көршілес Ресей, Үндістан, Қытай және Белорусь мемлекеттерінде. Егер біз соңғы жаңалықтармен мықты мамандарды тәрбиелесек, олармен иық теңестіре аламыз.

Келімбетов
Фото: hipo.kz

– Үнемі жұмыс туралы айтасыз.  Сіздің оқуға мүмкіндігіңіз бар ма?

– 80-жылдар өтіп, ел тәйелсіздікке аяқ басқанда елде кадр  тапшылығы қатты білінді. Өзіңіз білесі, Елбасы маңызды шешім қабылдап, «Болашақ» бағдарламасы енгізілді, “әлеуметтік лифттер” пайда болды. Кейіннен Назарбаев Университеті құрылды. Көшбасшы әлемдік трендтерге бейімделу жүріп жатыр. Біз стратегиялық мекемелерде жұмыс істей жүріп, осы трендтердің басы-қасында болдық. Негізінде, өз саламда мен түрлі мемлекеттік think tank-те болып, күн сайын түрлі кеңесшілермен, әлемнің маңдайалды профессорларымен сұқбаттасып отырдым. Үздік университеттермен, Гарвард профессорларымен, Kennedy School-мен үнемі қарым-қатынас орнату процесіндемін.. Деңгейі жоғары жандармен сөйлескенде санаң да өсе береді. Ұлттық Банкте жұмыс істеп, Стив Шварцман, Рэй Далио сынды жұлдыздармен істес бола жүріп, қай деңгейге ұмтылу керектігін түсінесің. Шын мәнінде үйренуді жақсы көремін, өзімнің ұжымымдыда, әріптестерімді де осыған ынталандырып отырамын.

– Осы жылы сіз докторлық диссертация қорғадыңыз. Құттықтаймыз. Мен еңбегіңізді бас алмай оқып шықтым. Сіз елдің бәсекеге қабілеттігіне  тәуелсіз қорлардың әсері жайында талдау жасапсыз. Теория, талдау, сарапшылар пікірі көп әрі, сіз капиталдың табиғи, өндірістік, қаржылық, әлеуметтік және адами 5 түрі жайында жиі айтыпсыз. Сұрағым адами капитал жайында. Бұл Қазақстан үшін қазір қаншалықты маңызды?

– Мені үнемі ұзақ мерзімді бағдарламалар қызықтыратын. Мемлекет қашан да көреген саясаты болуы керек: не болып жатыр, не болады, бізге қай бағытқа қарай өзгеру керек. 20 жылдық тәжірибеме сенсек, батыстың тәсілдерін біз 100 пайызға пайдалана алмаймыз. Оларды сол күйінше қайталау мүмкін емес.

Біз көмірсутек дәуірі қалай аяқталып келе жатқанына куә болып отырмыз. Бүкіл әлем жасыл энергияға көшіп жатыр. Бұл –өз ресурстарына ғана сенген ел үшін үлкен сынақ. Егер қазба ресурстардың дәурені аяқталса, неге үміт артуға болады?

Жалғыз үміт – қолыңнан келетін іс пен білімде. ң . Сондықтан бәсекелестікке адам басына шаққанда ЖІӨ немесе Ұлттық қорда неше ақша бар деген сынды қарабайыр түсінікпен қарамау маңызды. Менің ойымша, болашақта жаңа экономика жасайтын тұлғаларға қазірден бастап назар аудару керек. Бүгінгі АХҚО бағдарламасы – осы процестің бір бөлігі.

– Сіздің әкеңіз жазушы болды. Оның «Үміт үзгім келмейді» деген ғажап туындысы бар. Бас кейіпкер аурухана төсегіне таңылып, тән азабын тартып жатып өзін толғандырған жайларды қағазға түсіреді. Сіздің әкеңіз де аурумен ұзақ уақыт алысты. Сондықтан да көпшілік кітаптың  әр парасы жан азабымен жазылған еп түсінеді.  . Терең уайымнан бөлек, маған кәсібилік жөніндегі тақырып қатты ұнады. Лирикалық кейіпкер өмір бойы археолог болуды армандап, бірақ дәрігер болып, жұмысын қалай болса солай істеп жүргені туралы баяндайды. Сіз адам өз кәсібі жолында жан-тәнімен ізденісте болуы керек  дегенге сенесіз бе?

– Әрине.. Менің ойымша, кез келген адамның кәсіби миссиясы бар. Тек соны  табуға міндетті. Соңғы күніндерінде де жұмыстан бас алмаған әкем мен үшін өмірлік үлгі болып қалды. Мүмкіндігі шектеулі болса да, күнделікті өзін-өзі қамшылап, жастармен білгенімен бөлісіп отырды. Соңғы кітабы «Күншілдік» деп аталатын. – Бізге біреу қызғанышпен қараса оны «іші күйіп» деп түсінеміз , ал біз қызғансақ, оны «қызығу» деп санаймыз. Кітап осының ара-жігі жайында. Қызғаншақтықпен күресу туралы көне тәмсіл бар. Ең жақын достарыңның жеңісін де кешіріп үйрену керек. Бұл сіздің ұмтылатын биігіңізге қажет маңызды істерді екшеуге екшеуге көмектеседі.

Біздің отбасы бәсекелестікке қатты мән береді. Менің жұбайым жақында Сорбонда шеберлік бағдарламасын тәмамдаса, мен бір жыл бұрын 3 жылдық кембридждік бағдарламаны бітірдім. Бұл менің балаларымды қатты алаңдатады (күледі – автор ескертпесі), себебі олар да бізден кем болғысы келмейді. Мен барлығыңызға үнемі оқып-білуге кеңес беремін. . Себебі жетістікке жету негізі жан-жақты білімдеСіз бір нәрсені ғана емес, оған қоса басқа заттар жайында да білуіңіз керек. Бүгінде көпшілік ағылшын тілін біледі. Тіл білмеу  тіпті ерсі көрініп жатады. Еліміздегі барша азаматтар 3 тілде сөйлеуі тиіс. АХҚО Халықаралық департаментінде мысалы, ағылшын тілімен  қатар қытай және басқа да тілдерді білуге де басымдық беріледі.де.

– Біздің білуімізше, сіз ұжымыңызғаинтеллектуал және алдына зор мақсат қоятын  жастарды жинайсыз. Бірақ ондай адамдарды басқару да оңай емес. Қалай игеріп жатырсыз?

–Хантинг процесі кезінде және жастардың түйіндемесін көргенде білімі деген тұсқа қарап өте ізденімпаз тұлғаларды көремін. Бірақ жастарда бар мықты дара қасиеттерден бөлек (креатив, ішкі қуаты, білім деңгейі) ұжымда жұмыс істей білуі – өте маңызды.

Егер сіз жұрпен сыйыса алмай, бір-біріңнің мықты қасиеттеріңді толықтыра алмасаңыздар — жұмыс істеу қиынға соғады. Менің ойымша мұндай адамдарды жұмыс істеуге мәжүрлеп керегі жоқ. Тек мол еркіндік пен бағыт-бағдар ғана беру керек. Бірақ олардың өмірлік тәжірибесі аз, даналыққа жетпеген. Сондықтан керек кезде қолдау көрсетіп немесе кеңес беретін ментор ұсынған жөн.

– Қаржы нарығына халықаралық санаттағы мамандар дайындау – басты мақсат. Өршіл мақсат. Қаншалықты жүзеге асады?

–Көп адамға скептицизм тән екенін білесіз. Ол әсіресе тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, жаңа астананы сала бастағанда, кез келген реформа кезінде де болды.

Ондай адамдар «біздің қолымыздан ештеңе келмейді, өйткені қазір өте жағдай» дейді. Сонымен қатар тағы бір топ бар. Олар керісінше, қазір нағыз дер кезі, тек еңбек етуіміз керек деп санайды. Саланы нығайту жүріп жатыр, әлемдік қаржылық күйзеліс өтті, бұған қоса процестерді автоматтандыру ,, жаңа технологиялардың пайда болу процесі жүріп жатыр, қаржылық технология дамып келеді. Менің ойымша, бұрын-соңды болмаған деңгейдегі өршіл әрі пайдалы АХҚО сынды жобаның уақыты келді.

Біз бүкіл әлем мойындаған, тәжірибедегі ең мықты ағылшын құқығын енгізіп жатқан посткеңестік кеңістіктегі алғашқы елміз. Бұл жұмыс үшін үлкен алаң. Біз әлемнің үздік қаржылық институттары келетін хаб боламыз. Бұл Қазақстанда дамымаған сала еті. Бізде капитал басқару жоқ, хедж-фонд жоқ, ислам қаржы құралдары мәдениеті жоқ және қаржылық технологиялар жоқ.

Біздің серіктестер ең алдымен : кім бар,  жұмыс істеуге болатын адамдарыңыз бар ма деп сұрайды. Дубай мұны 2004 жылы қолға алды. Абу Даби бастап, Уганда және Руанда технологиялар хабына айналды.

Біз жас тұлғаларға таңдау мүмкіндігін береміз: олар ең үздік компанияларда жұмыс істей алады немесе өз компаниясын құрады. Менің ойымша, біз халықаралық санаттағы 3-5 мың адам дайындасақ, АХҚО жобасы жетістікке жетеді.

Дереккөз: hipo.kz

Tags

Осы айдарда

Close