Кеңес Рақышев Fincraft Resources директорлар кеңесін басқарады

166
Кеңес Рақышев
Фото: rus.azattyq.org

Алматы. 4 мамыр. 7kun.kz — Fincraft Resources компаниясы акционерлерінің жалпы жиналысының шешімімен Кеңес Рақышев Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды.

Сондай-ақ, директорлар кеңесі құрамынан Әлкен Қуанбай мен Бауыржан Кенжетаев шығарылып, олардың орнына Ерлан Ыдырысов пен Айдархан Құсайынов кірді.

Енді компаияның Директорлар кеңесі төрт адамнан тұрады: Кеңес Рақышев, Ерлан Ыдырысов, Әлішер Ермеков, Айдархан Құсайынов.

Айта кетейік, Fincraft Resources бұрын SAT & Company ретінде белгілі болды. KASE-нің 2019 жылғы 1 сәуіріндегі мәліметі бойынша, Fincraft resources-дағы Рақышев үлесі — 97,85%.