Кеңес Рақышев шығынға ұшыраған Fincraft Group-тағы қызметінен кетті

62
Кеңес Рақышев
Фото: rus.azattyq.org

Алматы. 05 желтоқсан. 7kun.kz — Fincraft Group холдингінің иесі Кеңес Рақышев басқарма төрағасы қызметінен кетті.

Компания жариялаған құжатқа сәйкес, 29 қарашада Рақышев 2 желтоқсаннан бастап өз өкілетін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Fincraft Group иесі бұл лауазымға Павел Мыңжановты, оның орынбасары қызметіне Бектас Мұқажановты тағайындады.

Бұған дейін компания 2019 жылдың І жартыжылдығында 2,9 млрд теңгеге таза шығынға ұшырағаны хабарланды.

Айта кетейік, Fincraft Group холдинг қызметімен айналысады және БТА Банкінің дауыс беретін акцияларының 29%-ын иеленеді.