Author: Аян Қалмұрат

Редактор

Астана. 27 сәуір. 7kun.kz – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры 2016 жылы кеңесшілерге қанша қаражат жұмсағанын айтты. Компания өкілінің мәлімдеуінше, кеңесшілерге берілетін қаржы жалпы құны 345 млрд теңгеге жететін әкімшілік шығынның 7-8 пайызына тең. Бұл туралы informburo.kz жазды. «Бізге қор мен компаниялар кеңесшілерді жиі жалдайсыңдар деп жиі сын айтады. Бірақ бұл коммерциялық ұйымдар үшін қалыпты құбылыс», – дейді қор директорының қаржы және операциялар жөніндегі орынбасары Ернар Жаңаділ. Ол қазіргі уақытта қор мен оның еншілес құрылымдары өзгеріп жатқанын, сондықтан сараптама жетпейтінтұстарға кеңесшілер тартылатынын айтады. «Қорда кеңесшілердің қажет я керек емесін нақтылайтын арнайы жұмыс тобы жұмыс істейді», – дейді ол. «Бізді үнемі тексереді.…

Толығырақ

Зейнетақы қорының өткен жылғы жұмыс қорытындысына арналған жиында Ұлттық банктің жинақтаушы зейнетақы (БЖЗҚ) жүйесін реформалау бойынша құжат жобасын әзірлегенін мәлімдеді. БЖЗҚ басқармасының төрағасы Нұрбибі Наурызбаева зейнетақы активтерінің бір бөлігін жекеменшік басқарушы компаниялардың басқаруына беру қалай іске асатынын айтып берді. БЖЗҚ ақшасын жекеменшік компаниялардың басқаруына беру туралы бұған дейін де талқыланған. Қордың басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева Ұлттық банк қазір аталған ұсыныс аясында жұмыс істеп жатқанын жеткізді. «Қазір зейнетақы жүйесін реформалауға қатысты ұсыныстар әзірленді. онда салымшыларға жинақтарын басқару мүмкіндігін беру қарастырылған. Жобада зейнетақы активтерін басқару үшін қазақстандық та, шетелдік те компаниялар тарту көзделеді, салымшылар осы компаниялардан таңдап, ақшаларын сонда жинақтай алады”, – деді…

Толығырақ

Астана. 27 сәуір. 7kun.kz – Баспа, радио және интернет БАҚ арасында арналған тұңғыш ұлттық «Үркер» сыйлығы жарияланды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникация министрі қызметіне Дәурен Абаев Facebook парақшасында жазды. Министрдің жазуынаша, басты мақсат – талантты журналистер мен сапалы медиа-жобаларға қолдау көрсету. Байқаудың қазылар алқасы осы саланың майталмандары мен қоғам қайраткерлерінен және сарапшылардан құралады. Қазылардың толық тізімі алдын ала жарияланады. Сыйлық 15 аталым бойынша беріледі. Журналистиканың дәстүрлі салаларымен қатар, «үздік фотосурет», «Қазақстан туралы ең үздік танымдық материал» және «Қазнеттегі медиа серпіліс» сияқты бағыттар қамтылады. Байқауға өтініш 7 мамырдан бастап el.kz сайтында қабылданады, сыйлыққа қатысты егжей-тегжейлі ақпарат та сонда болмақ. Салтанатты марапаттау журналистердің кәсіби…

Толығырақ

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Саясаттанушы Досым Сәтпаев, экономист Рақым Ошақбаев, сондай-ақ «Қаржылық еркіндік» қамқоршылық кеңесінің басшысы Бота Жұманова БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңестен шығып кетті. Бұл туралы Досым Сәтпаев Facebook-тегі парақшасында жазды. Досым Сәтпаев мұндай шешімге қоғамдық кеңес пен БЖЗҚ басшылары арасындағы жұмыс істеу бағыты мен онда көтерілетін сауалдарға қатысты келіспеушіліктен кейін келгенін жазады. Ол аталған кеңес зейнетақы қорының жұмысына қатысты мәселелерді ашық көтереді деп үміттенгенін, бірақ БЖЗҚ басшылары оның жұмысына кедергі келтіргенін айтады. «Мен қоғамдық кеңестің төрағасы ретінде зейнетақы қорының қаржысы ретсіз жаратылып жатқанын айтып, жиындарда біз көтерген сауалдар Ұлттық банк пен БЖЗҚ-ға ғана емес, үкіметке де жеткенін қалап едім.…

Толығырақ

Астана. 26 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда өнімдерді сыртқы нарыққа шығару айтарлықтай төмен. Еліміздегі кәсіпкерлердің 73% өнімдерін тек өздері тұрақтаған өңірлерге ғана өткізеді. Ал кәсіпкерлерлің 16,1% өнімдерін еліміздегі көршілес өңірлеріне жеткізеді, ал 8,1% бүкіл Қазақстанға таратады. «Іскерлік ахуал–2016» әлеуметтік зерттеуінде осындай тұжырым жасалған. Бұл туралы palata.kz жазды. Отандық кәсіпкерлердің шамамен 3% ғана жақын және алыс шет елге, оның ішінде ЕАЭО елдеріне экспорттайды. Ресей Федерациясымен шекаралас өңірдің, атап айтқанда Қостанай, Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары кәсіпкерлерінің ЕАЭО елдеріне экспорттауы өзге өңірлермен салыстырғанда жоғарырақ. Қостанай облысы кәсіпкерлерінің 2,5% Қазақстан мен ЕАЭО елдеріне экспорттаса, Солтүстік Қазақстан облысында – 2,6%, ал Павлодар облысы кәсіпкерлерінің 3,5%…

Толығырақ

Өнертану ғылымының PhD докторы, Сүлейман Демирел атындағы университеттің қауымдастырылған профессоры Молдияр Ергебековтің ойлары қоғамда талқы тудырып жатады. Теңдік туралы әдетте әйелдердің айтқанын көріп жүргендер үшін ер адамның феминист болуы тосын көрінуі мүмкін. Гендерлік теңдіктен басталып, қоғамдық құндылықтарға дейін жеткен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз. 7kun: Қазақстанда және жалпы ортаазиялық басқа да мемлекеттерде «әйел ерлерден бір саты төмен», «еркек – түздікі, әйел – үйдікі» деген түсінік қалыптасқан. Феминизм талай жылдан бері әбден сіңген осындай қоғамдық түсінікке қарсы келеді, құрылымды өзгертеді. Бұл бізге керек пе? – Маған осы сұрақты көп адам қояды. Қызық сұрақ өзі. Бұл шамамен «адам құқықтары бізге керек пе? Демократия бізге керек пе? Бізге әділет керек пе?»…

Толығырақ

Астана. 26 сәуір. 7kun.kz – Қазақстанда валюта сұранысқа иелігін жоғалтып жатыр. 2017 жылғы қаңтар-наурызда айырбастау пунктерінде АҚШ долларын өткен жылға қарағанда, небәрі 1,2 пайызға көп сатып алған. Бұл туралы ranking.kz сараптама агенттігі хабарлады. Наурызда доллар сату $695,9 миллион доллардан 756,1 млн долларға дейін артты. Жыл басынан бастап халыққа доллар сату көлемі сатып алудан 1,5 есеге асты. Ал өткен жылы керісінше долларды 14 пайызға көбірек сатып алған. 2017 жылғы қаңтар-наурызда халық айырбастау пункттерінде $2,10 млрд АҚШ долларын сатып алған. Бұл 2016 жылғы қаңтар-наурыздағы көлемге қарағанда, 1,2 пайызға төмен. Бұл ретте қазақстандықтар айырбастау пункттеріне 2017 жылғы 3 айда 1,41 млрд АҚШ долларын сатқан.…

Толығырақ

Астана. 26 сәуір. 7kun.kz – Парламенті Мәжілісі «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы еуразиялық экономикалық интеграция жағжайында экономикалық ынтымақтастықты дамыту туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша жұмысты бастады. Бұл туралы inform.kz жазды. «Осы келісімнің нормаларына сәйкес, Қазақстан тарапы Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа кіру процесіне жәрдемдесу мақсатында Қырғызстанға 100 миллион АҚШ долларына барабар көмек көрсетеді», – деді депутат Мәулен Әшімбаев Мәжілістің жалпы отырысында. Оның сөзінше, бұл көмек Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одаққа қосылу жөніндегі «Жол карталарында» көзделген іс-шараларды іске асыруға және ЕАЭО талаптарымен сәйкестендіруге беріледі.

Толығырақ

Алматы. 26 сәуір. 7kun.kz – Алматы облысында “Қазпочтаның” бұрынғы қызметкері миллион теңге жымқырғаны үшін сотталды. Бұл туралы tengrinews.kz жазды.  “Алматы облысы Алакөл ауданының прокуратурасымен М. есімді азаматшаның арызын қарау барысында “Қазпочта” АҚ АОФ-ның Алакөл аудандық почта байланысы торабының, Қабанбай ауылының почта байланысы бөлімшесінің бұрынғы операторы К. есімді азаматша, өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, М. есімді азамтшаның есеп-шотынан жалпы сомасы 1 000 000 теңге ақшаны жымқырғаны анықталды”, – делінген хабарламада. Биыл 2 наурызда аудан прокуратурасы осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап, оның нәтижесі бойынша, К. есімді азаматшаға қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабының 2-бөлігінің 3-тармағымен (“Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп…

Толығырақ

Астана. 26 сәуір. 7kun.kz – Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада барлық дәрі-дәрмекке шекті бағаны бекітуді жоспарлап отыр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осылай деді. Бұл туралы abctv.kz жазды. «Ертең біз тұжырымдаманы талқылауды бастаймыз. Алдымен Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы қоғамдық кеңесте, кейін кәсіпкерлердің ұлттық палатасының базасында, БАҚ-та талқылаймыз. Бұл заң жобасы қоғамда талқылаудың барлық кезеңінен өтуі тиіс. Заң жобасын биыл күзде парламентке жіберу жоспарда бар», – деді Елжан Біртанов. Денсаулық сақтау министрлігінде заң жобасын 2017 жылдың соңына дейін қабылдап, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек саудада барлық дәрі-дәрмекке шекті бағаны бекіту жоспарланған.

Толығырақ

Астана. 26 сәуір. 7kun.kz – 2018 жылдан бастап еліміздегі ауыл әкімшіліктері өз бюджетін құра алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді. «Еліміздің бюджет жүйесі үш деңгейден тұратынын білесіздер. Ауыл округтері деңгейінде жеке бюджет жоқ. Шамамен 2,5 мың ауыл бар. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап, xалқы 2 мыңнан асатын ауыл округтерінің деңгейінде жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті мемлекеттік бюджеттің төртінші бюджеті ретінде құрылады. Ал 2020 жылдан бастап барлық ауылға енгізіледі», – дейді ол. Оның айтуынша, ауыл бюджеті жеке кіріс салығынан, азаматтардың мүлік салығынан, жеке және заңды тұлғалардың көлік және жер салығынан, жол бойына орнатылатын сыртқы жарнамадан…

Толығырақ

Талқы тудырған қылмыстық істерді қазақстандықтар осымен екінші апта талқылап жатыр. Өткен аптада «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Қажымұрат Үсенов рақымшылықпен босап шықты. Кеше «Қорғас» ШЫХО 1 млн доллар парамен ұсталған Василий Ни босатылды. 7kun соңғы екі жылдағы ең шулы істерді назарларыңызға ұсынады. 2015 жыл құқық қорғау органдары оңай жыл болған жоқ. Жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюро мен ұлттық қауіпсіздік комитеті 11 шенеунікті ұстап, кейіннен олар сотталды. Бұл істі кейбіреулер «ЭКСПО ісі» деп атап кетті. 2015 жылдың ақпанында Алматы қаласында ұзақ жылдар бойы мемлекеттік органдардағы лауазымды тұлғалар, оның ішінде қаржы полициясының бұрынғы қызметкерлерінің қолдау көрсетуі арқылы жалған кәсіпкерлікпен…

Толығырақ

Астана. 24 cәуір. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Еуразия даму банкі басқармасының төрағасы Дмитрий Панкинді қабылдады. Бұл туралы  Ақорда хабарлады. ЕАДБ төрағасы кездесу барысында Мемлекет басшысына банктің қызметі, сондай-ақ оның бұдан әрі даму перспективалары мен басымдықтары туралы мәлімделді. Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия даму банкінің құрылу мақсатына, оның алдында тұрған бүгінгі міндеттерге тоқталып, интеграциялық жобаларды қаржыландырудың маңыздылығын атап өтті. – Банктің негізгі құрылтайшылары Қазақстан мен Ресей болып саналады. Банк Еуразиялық экономикалық одақтың мүддесі үшін құрылды. Жұмыстың таңдалған бағыты дұрыс. Қазақстан жағдайында несиені көбіне теңгемен беру мүмкіндігін қарастыруды ұсынамын, – деді президент. Сондай-ақ, Қазақстан Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер бастамашылық еткен шағын жобаларға…

Толығырақ

Атырау. 24 сәуір. 7kun.kz – 2016 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (ҚМГ) компанияларының таза табысы 360 млрд  171 млн теңгені (1 млрд. 63 млн. доллар) құрады. Бұл туралы ҚМГ-нің баспасөз қызметі хабарлады. «2016 жылы негізгі қызметтен түскен кіріс 3 трлн 553 млрд теңгені (10,54 млрд. АҚШ доллары) құрады. Таза табыс – 360 млрд 171 млн теңге (1 млрд 63 млн АҚШ доллары). ҚР бюджетіне салықтар мен өзге де міндетті төлемдер, соның ішінде негізгі еншілес ұйымдар бойынша, 456 млрд 987 млн теңгені (1 млрд 337 млн АҚШ доллары) құрады. Бұл 2015 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14 пайызға аз. Төмендеу үрдісінің негізгі себебі 2015 жылы…

Толығырақ

Әр апта сайын елімізде маңызды оқиғалар болады. 7kun.kz тілшілері сіздер үшін аптаның ең өзекті жаңалықтарын сараптап, назарларыңызға ұсынады. Сонымен, 17—21 сәуір қандай жаңалықтарымен есте қалды? Дүйсенбі, 17 сәуір. Мемлекеттік сыртқы қарыз көлемі бір жылда 10 пайызға артты. Мемлекеттік сектордың сыртқы қарызы жекеменшік сектордің берешегімен салыстырғанда тезірек өсіп жатыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша, банктер мен ұйымдардың 50 пайызын иемденіп отырған банктер мен ұйымдардың кепілдендірілген қарызы 35,8 млрд долларды құраған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 пайызға көп. 2. Қазақстандықтар Орта Азия бойынша ең үздік жарнамашылар атанды. Орта Азияда  жыл сайын өтетін AdAsia алтыншы «Креативтілік пен шеберлік рейтингісінің» қорытындысы шығарылды. Cheil Kazakhstan  аймақтағы жылдың ең үздік агенті болып танылды. 3.…

Толығырақ

Теңгенің құнсызданып, халықтың таза табысы азайғаннан кейін, жаңа үйлер да арзандап жатыр. Сарапшылардың пікірінше, мұндай жағдай құрылысшылар қолжетімді баспана салмайынша жалғасады. Оның үстіне, 2017 жылдың ортасына дейін жаңа үйлердің бағасы – 25 пайызға, ескі үйлердің құны 40 пайызға арзандауы мүмкін. Статистика комитетінің дерегі бойынша, 2017 жылдың наурызында бірінші нарықтағы үйлердің бағасы өткен аймен салыстырғанда 0,4 пайызға, бірнеше рет сатылған баспананың құны 0,1 пайызға арзандаған. Бірақ соңғы бірнеше жылды қарасақ,  2009 жылдан бері жаңа үйлердің бағасы 10 пайызға өскенін, бірақ 2016 жылы қайтадан 3,6 пайызға түскенін көреміз. Маманның айтуынша, бұл тенденция халықтың төлем қабілетін нашарлатқан, әсіресе үй сатып алуға мүмкіндігі бар адамдарды азайтқан…

Толығырақ