Author: Диана Құрманбекова

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – «7-20-25» бағдарламасының жобасы әзірленді және ол жақында Қазақстан Ұлттық банкінің ресми интернет-ресурсында жарияланады. Бағдарлама 2018 жылдың екінші жартысында іске қосылады. Айта кетейік жаңа ипотекалық бағдарламаның операторы – «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ. «Бұл компания облигациялар шығарып, тартылған қаражат есебінен банктерден 1 трлн теңгеге дейінгі көлемде қарыздарды сатып алады. Қазіргі уақытта ұйым өзара іс-қимыл жасаудың техникалық мәселелерін іс жүзінде іске асыруды талқылау үшін банктермен тығыз өзара іс-қимыл жасауда», – дейді ҚР ҰБ төрағасы Д.Ақышев.

Толығырақ

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Елдің сыртқы борышы 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 168 млрд  долларды құрады. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев айтып берді. Ол сыртқы борыштың құрылымында 62%-ы фирмааралық берешекке тиесілі екенін атап өтті. Ол негізінен Қазақстанның аумағында мұнай-газ жобаларын іске асыратын шетелдік компаниялар филиалдардың борышынан тұрады. «Мемлекеттік сектордың сыртқы борышы 8%-ды, мемлекет бақылайтын ұйымдардікі – 16%-ды, жеке сектордікі – 14%-ды құрайды», – деп түсіндірді Д. Ақышев. Атап айтқанда, ол соңғы 3 жылда Қазақстанның сыртқы борышы мемлекеттің және оның бақылауындағы ұйымдардың сыртқы борышының, сондай-ақ топішілік қаржыландырудың есебінен 10 млрд долларға немесе 6%-ға ұлғайғанын айтып берді. «Жеке…

Толығырақ

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында көзделген қор нарығын дамыту бойынша түзетулер жөнінде айтып өтті. Қазақстан Ұлттық банкі басшысының айтуынша, бірыңғай тіркеушіні және орталық депозитарийді бір ұйымға біріктіру болжанып отыр. Бұл түзету шығындарды оңтайландырып, бірыңғай дерекқордың қалыптасуын қамтамасыз етеді. Қор нарығына қатысушылардың қызметін жеңілдету үшін инвестициялық қорлардың жұмыс істеуін жеңілдету, бағалы қағаздар нарығының субъектілері үшін барлық рәсімдерді қысқарту ұсынылады. Қазақстан Ұлттық банкінің басшысы заң жобасының шеңберіндегі тағы бір шара ретінде компанияларды қор нарығына шығуға ынталандыруды атап…

Толығырақ

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында баяндама жасай отырып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі, бағалы қағаздар нарығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының негізгі бағыттары туралы айтып берді. Ол сақтандыру бойынша түзетулерде 5 негізгі бағыт ұсынылғанын атап өтті: онлайн-сақтандыруды енгізу, шетелге шығатын қазақстандықтарды сақтандыру тәсілдерін өзгерту, жүктелген сақтандыруды енгізу, сақтандыру омбудсманының функцияларын кеңейту арқылы дауларды реттеу тетігін жетілдіру, сондай-ақ өмірді сақтандырудың әлеуметтік маңызды түрлері бойынша қосымша кепілдік беру жүйесін кеңейту. Онлайн-сақтандыру туралы айта келе, Д. Ақышев Қазақстанда өңірлердегі, бірінші кезекте облыс орталықтары мен…

Толығырақ

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – «Bank RBK» АҚ-ның 2017 жылғы жалпы шығыны 183,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы KASE-те жарияланған, банктің қаржылық есебінде айтылған. 2016 жылдың қорытындысы бойынша банктің пайдасы 7,6 млрд теңгені құрағанын айта кету керек. Сондай-ақ, 2017 жылы Bank RBK активтері шамамен 2 есе, 532 млрд теңгеге дейін төмендеді. Қаржылық есепке сәйкес, банктің міндеттемелері 438 млрд теңгеге дейін азайып, 500 млн теңгені құрап отыр. 2016 жылдың қорытындысы бойынша банктің міндеттемелері 938 млрд теңгені құраған. Сондай-ақ, Bank RBK капиталы 51 млрд теңгеге қысқарып, 31 млрд теңге болды.

Толығырақ

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Бүгін Алматыда өткен «Осознанный рост» сауалнамасы аясында өткен кездесуде «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory» ЖШС Еуразиядағы мәмілелерді қолдау тәжірибесінің жетекшісі Константин Елисеев Қазақстанда мемлекеттік басқаруды дамытудың басым міндеттері туралы айтып өтті. Қазақстан бойынша сыбайлас жемқорлық пен парақорлықпен күрес 2016 жылы 48 пайыз, 2017 жылы 64 пайыз, 2018 жылы 66 пайызды құрайды. Елдің инвестициялық тартымдығы 2016 жылы 48 пайыз, 2017 жылы 46 пайыз, 2018 жылы 48 пайыз болды. Барлық салалардағы заңның үстемдігі 2017 жылы 46 пайыз болса, 2018 жылы 41 пайызды құрады. Болжалды макроэкономикалық орта 2016 жылы 54 пайыз, 2017 жылы 38 пайыз, 2018 жылы 34 пайыз болды. Сондай-ақ, Қазақстандағы…

Толығырақ

Алматы. 14 маусым. 7kun.kz – Бүгін Алматы қаласында «Осознанный рост» сауалнамасы аясында әлемдік экономика, бизнесті жетілдіру тақырыптары бойынша кездесу өтті. Жиында «PricewaterhouseCoopers Tax & Advisory» ЖШС Еуразиядағы мәмілелерді қолдау тәжірибесінің жетекшісі Константин Елисеев іргелі тақырыптардың бірі: алдағы 12 айда әлемдік экономиканың өсу перспективалары туралы баяндады. Өсімді көрсететін  белгілі факторлар мен алғышарттар бар. Нақтырақ айтқанда, кез-келген сектордың дамуын жабдықтаумен айналысатын секторлар арқылы бақылауға болады. Бүгінгі күні негізгі салаларды жабдықтаумен айналысатын секторлардың 90% толығымен жүктелгені белгілі. Халықаралық валюта қорының болжамдарына сәйкес, әлемдік экономиканың өсуі 3,5-3,7% деңгейінде болады. Егер халықаралық катаклизмдер жойылса, өсу қарқыны жалғасады. Сондай-ақ, Fitch халықаралық рейтингтік агенттігінің хабарлауынша, келер жылы…

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – «Кселл» АҚ-ға авторлық құқық бұзғаны үшін үлкен айыппұл салынады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Кең таралған ақпаратқа сәйкес, Данияр Балиевтің компаниясы негізсіз түрде «Кселл» АҚ-нан миллиард теңге талап етеді. Бірінші инстанция соты Балиев мырзаның талаптарын қолдап, талапкердің пайдасына 670 млн теңге өндіріп алуға шешім қабылдады. Қазіргі уақытта «DLConstruction» ЖШС-ның «Кселл» компаниясына жасаған шағымының жалпы сомасы 40 млрд теңгені құрайды. Ал, ұялы байланыс операторы Данияр Балиевтің компаниясының талабымен келіспей, сот талқылауының әділдігіне күмән келтірді. Данияр Балиевқа тиесілі «DLConstruction» ЖШС сотта «Кселл» АҚ және оның серіктесі «Terraline» ЖШС-нің «DLConstruction» ЖШС-ға берілген авторлық құқықтарды осы компаниялардың бұзғаны туралы талап қойды.…

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың 25 маусымынан бастап банк карталары арқылы кеден бекетінде төлем жүргізуге болады. Бұл туралы «Халық банкі» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады. «Осы күннен бастап кеден бекеттерінде кез келген екінші деңгейлі банктердің төлем карталарын пайдалана отырып, кедендік төлемдерді төлеуге болады. Сонымен бірге, эмитенттің банкінен тариф жойылып, төлем карточкасын ұстаушыдан тариф енгізіледі», – делінген хабарламада. Мысалы төмендегі көлемді төлемдер үшін комиссия келесідей алынады: — 1 000 теңгеден 10 000 теңгеге дейін алынғанда комиссия 1,8% мин +100 теңгені құрайды; — 10 001 тенгеден 50 000 теңге болғанда 0,9% мин+200 теңге комиисия алынады; — 50 001 теңгеден 100 000 теңгеге дейін аралықта 0,65% мин+500 теңге комиссия ұсталады; — 100 001 тенге мен 1 000 000 000 теңге аралығында 0,15% мин+700 теңге комиссия алынады; — 1 000 000 000 теңге және одан көп болған кезде комиссия…

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – 2017 жылы қазақстандық эмитенттердің төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстаннан тыс жерлерде жасалған транзакциялардың көлемі 114,2 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS. Бір жыл ішінде 9,6 млн транзакция жасалды. Мәміле көлемінің өсуі 43,1%-ды, транзакциялардың саны 91,3%-ды құрады. Шетелдік сайттардағы интернет-дүкендер Қазақстан тұрғындарына 108,9 млрд теңгеге айналды. Бұл ретте өткен жылдағы көрсеткіш 76,2 млрд теңгені құрады (өсім 42,8%). Бес жыл ішінде Қазақстанда шетелдік интернет-дүкендердің сатылымы тоғыз есеге (12 млрд теңгеден) өсті. Ресми мәліметтерге сәйкес, 2017 жылы қазақстандықтар интернет-дүкендерден 9,4 млн тапсырыс жасаған, ал бір жыл бұрын сатып алудың жалпы саны 4,8 млн болды. Жалпы, 2013 жылдан бастап…

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Қазақстанда ішкі нарықтағы көтерме саудадағы газ бағасының ең жоғарғы бағасы 2018 жылдың 1 шілдесінен 2019 жылдың 30 маусымына дейін мақұлданды, деп хабарлайды LS. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің №188 бұйрығына сәйкес әр облыста өзіндік көрсеткіші бар: – Алматы және Алматы облысы – 25 073 теңге; – Оңтүстік Қазақстан облысы – 23 221 тенге; – Жамбыл – 23 317 тенге; – Қызылорда – 8 677 тенге; – Батыс Қазақстан облысы – 12 061 тенге; – Ақтөбе – 6 081 тенге; – Атырау – 6 340 тенге; – Қостанай облысы – 19 732 тенге; -Шығыс Қазақстан – 7…

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Онлайн-режимде бизнесті тіркеу қызметтері жыл басынан бері электрондық үкімет веб-сайтына біріктірілген. Жаңа, жеңілдетілген функцияның артықшылығы ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінде айтылды, деп хабарлайды BNews.kz. Жаңа, жеңілдетілген функция осы жылдың басынан бастап қолжетімді. Қазір үш тәуелсіз қызмет біріктіріліп, бизнесмендер өздерінің қалаларында әр түрлі нүктелерде қажетті құжаттарды дайындау үшін уақыт қажет етпейді. Қазіргі сәтте, онлайн-режимде кәсіпорынды тіркеу кезінде ForteBank, Цеснабанк, Халық банкі және Альфа-банк сияқты банктерде банктік шотты бір мезгілде ашуға болады. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» және «Asia-life.kz» бірге электронды тіркеу арқылы сақтандыру шартын жасауға болады. Жақын арада тағы тоғыз банк пен төрт сақтандыру компаниясы қосылатын…

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – 2017 жылы бөлшек сауда электрондық коммерция көлемі 106,9 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды LS. 2016 жылдың осындай көрсеткішімен (78,5 млрд теңге) салыстырғанда интернет арқылы сату 36,2%-ға өсті. Бөлшек саудадағы e-commerce үлесі 1%-дан 1,2%-ға дейін өсті. 2013 жылы бұл көрсеткіш 0,5%-ды құраған болатын (сату көлемі 28 млрд теңге). Электронды сауданың көлемі 2017 жылы 67,7 млрд теңгеден 2017 жылы 87,2 млрд теңгеге дейін, 28,7%-ға артты. Оның көтерме сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 0,4% құрады. Интернеттің көмегімен қызметтерді өз кезегінде жүзеге асыру 12,2% азайып, 70,3 млрд теңгені құрады, ал 2016 жылы ол 80,2 млрд теңгені құраған.

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Илон Маск компания қызметкерлеріне электронды хат жіберді. Онда Tesla Motors қызметкерлерінің 9%-ы жұмыстан босатылғаны туралы хабарлады. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, бұл хат тек ішкі қолданысқа арналған болатын, бірақ нәтижесінде ол баспасөзге жеткен. Маск жұмыстан босату қажеттілігі компанияның құрылымындағы шығынды қысқартып, кірістілікке қол жеткізуге тырысу бойынша өзгерістерге байланысты екендігін түсіндірді. Миллиардер бұл шешімнің күрделі екенін айтып, бұл қысқартулар жаңа Model 3 седан өндірісімен тікелей айналысатындарға қатысты болмайтындығына уәде етті, деп жазады РБК. Өткен жылдың желтоқсанында Tesla Inc. компаниясында тұрақты жалақыда 37 543 адам жұмыс істеген. Маск Model 3 туралы мамыр айының соңында мәлімдеді. Ол көліктің екі қозғалтқышы…

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – 4 айдың қорытындысы бойынша қазақстандық автоөнеркәсіп 52,8 млрд теңгеге көлік шығарды. Бұл бір жыл бұрынғыдан 83,1% артық, деп жазды energyprom.kz. Негізгі өндіріс Шығыс Қазақстан облысында (шамамен 91%) шоғырланған (31,6 млрд теңге, бұл бір жыл бұрынғыдан 2,3 есеге артық) және Қостанай облысында (16,4 млрд теңге + 67,6%). Мұнда еліміздің негізгі автомобиль өндірушілері – «Азия Авто» және «СарыаркаАвтоПром» жұмыс істейді. Жеңіл автомобильдерді шығару 2018 жылдың қаңтар-сәуір аралығында 92,2%-ға, 8,8 мыңға дейін өсті. 10 және одан да көп адамды тасымалдауға арналған автобустар мен басқа да автокөліктер бір жыл бұрынғыдан 11,1%-ға артты (60 автокөлік), ал жүк көліктері 10,6%-ға төмендеді…

Толығырақ

Алматы. 13 маусым. 7kun.kz – Ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы 2018 жылдың мамыр айында 26,5 мың теңгені құрады. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 14% артық (23,2 мың теңге), деп хабарлады Finprom.kz. Маңғыстау облысында жан басына шаққандағы ең төменгі күнкөріс минимумы 32,3 мың теңгені құрайды (жылдық өсім 17,4%). Бұдан әрі, Астанада 30,6 мың теңге (өсім 17,4%). Ал, Алматыда орташа өмір сүру құны 29,9 мың теңгені құрайды (өсім 12,4%). Ең төменгі күнкөріс деңгейінің ең көп өсуі Ақмола облысында (18,9%), Маңғыстауда (17,4%) және Батыс Қазақстанда (15,9%) тіркелді. Көп жылдық динамикада қазақстандықтардың күнкөріс минимумы жыл сайын орта есеппен 9,7%-ға өсіп келеді. Мысалы, 2012-2017 жылдар кезеңінде…

Толығырақ