Author: Диана Құрманбекова

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz – «Кедентранссервис» вице-президенті Ғалым Мұқанов тұтқындалды. Бұл туралы Астана қаласының сотының баспасөз қызметі хабарлады. «Астана қаласының Есіл ауданының №2 сотының шешімімен Мұқанов Ғалым Қаскербайұлы пен Уваев Дулат Серікұлына 2 айға дейін, яғни 2018 жылдың 6 тамызына дейін қамауға алу түріндегі алдын-алу шарасы бекітілді», – деп түсіндірді қалалық сот. «Кедентранссервис» АҚ ақпаратына сәйкес, Ғалым Мұқанов еңбек қызметін 1999 жылы Астана қаласындағы Сумен жабдықтау және санитарлық-техникалық құрылғылардың қашықтағы станцияларында бастады, жылу магистрі, ТжКБ жетекші инженері қызметтерін атқарды. Дулат Уваев болса сатып алу және мердігерлік жұмыстар бөлімінің бастығы болды.

Толығырақ

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz – 2020 жылға қарай дамушы елдер ғаламдық сатылымдардың 45%-ын құрайды, деп хабарлады AtKearney. Компания сарапшыларының пікірінше, 2020 жылға қарай әлемдік тұтыну шығыстары өседі және инфляцияны ескере отырып, 40 трлн доллар болады. Әлемдік экономиканың жалпы өсуінің аясында сарапшылар тарапынан әр түрлі елдегі тұрғындардың шығындарының құрылымының кеңеюі болжанды. Сонымен бірге,, бұл үрдіс географиялық шекаралар мен мәдени қажеттілікке қарамастан кеңеюде. Әлемдік сатылымдарда негізгі позицияларды АҚШ, Қытай және Үндістан алады. Дегенмен, дамушы елдердің үлесі 2020 жылға қарай 45% құрайды. Егер 2010 жылы аталмыш елдерде 2 млрд адам болып, олар 4,6 трлн доллар жұмсаған болса, 2020 жылы дамушы елдердің халқы 3,4…

Толығырақ

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz – Қазақстанның Даму Банкі 2000 жылғы 28 желтоқсандағы Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, ұлттық экономиканы тұрақты дамытуға жәрдемдесу мақсатында, елдің шикізаттық емес секторына инвестиция салу арқылы құрылды. Банктің жалғыз акционері – «Бәйтерек» ҰБХ, деп жазды energyprom.kz. Индустриялық инфрақұрылымды және өңдеу өнеркәсібін дамытуға бағытталған банктің негізгі қызметіне қосымша, қаржы институты табыстың жеткілікті жоғары деңгейін қалыптастырады. 2018 жылдың бірінші тоқсанында таза пайыздық кіріс 12,6 млрд теңгені құрады, бұл бір жыл бұрынғыдан 8,7%-ға көп. Комиссиялық шығындар 2,5 есеге артып, 793,3 млн теңгені құрады. Шетел валютасымен операциялардан түскен таза пайда – 6,5 млрд теңге болды. Қаржы құралдарымен операциялардан таза залал 3…

Толығырақ

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz – Жаңа технологияларға дайындық жаһандық рейтингінде Қазақстан бес орынға төмен түсті, деп хабарлайды LS. Егер 2017 жылы The Economist Intelligence Unit мәліметтері бойынша, республика 50-орында болса, 2018 жылы Қазақстан 55-орынға түсті. Сонымен бірге елдің дайындық деңгейі 10-дық деңгейде 5,2-ден 5,5-ке дейін жақсарды. Қазақстанмен бірге 55-орынға Колумбия, Грузия, Мексика, Румыния, Филиппин, Тунис, Сербия, Марокко және Шри-Ланка орнықты. Көршілес Ресей мемлекеті рейтингте 32-орынды иеленді. Бірінші орынды Австралия, Сингапур және Швеция бөлісті. Нигерия, Ливия және Ангола соңғы 80-82 орындарды иеленді. Қазақстанда интернет желісіне қолжетімділік 60-79% деп бағаланғанын атап өту керек. Бұл жалпы ел бойынша екінші көрсеткіш. Бұндай көрсеткіш Ресей,…

Толығырақ

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz – Төртінші мұнайды қайта өңдеу зауытының құрылысына 2 млрд доллар жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы президент Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Investing.com. Ол құрылысты үш-төрт жылдан кейін үш модернизацияланған МӨЗ жанар-жағармайға сұранысты қанағаттандыра алмайтындығын анықтады. «Біз қытайлық инвесторлармен 50%-ды олар, 50%-ды біз аламыз деп келістік. Зауыттың құны 2 млрд долларды құрайды. Қазақстанда мұндай инвестицияларды кім қаржыландырады?», – деді ол. Бұдан бұрын президент 2022 жылға дейін төртінші мұнай өңдеу зауытының құрылысын қарастыруды ұсынды. Кейінірек Қазақстан екі ірі мұнай компаниясымен жаңа мұнай өңдеу зауытының құрылысын талқылаған. Кейінірек Энергетика министрлігінде зауыттың өңдеу қуаты 5 млн тоннаға 5 млрд доллар жұмсалатынын…

Толығырақ

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz – «ҚазТрансОйл» АҚ (ҚТО) акциялары Қазақстан қор биржасындағы бағаға сәйкес күрт төмендеді, деп хабарлайды LS. Сауда-саттық қорытындысы бойынша 8 маусымда ҚТО бағалы қағаздарының құны 9%-ға төмендеп, 1398,9 теңгені құрады. KAZ Минералдардың бағалары да айтарлықтай төмендеуді көрсетті (-4,4%). Акциялардың бағасы 4,5 мың теңгені құрады. Индекске енетін тағы төрт акция қызыл аймақта сауда күнін аяқтады. KASE-да Kcell (-1,9%) және Банк ЦентрКредиттің (-0,6%) бағалы қағаздары біраз арзандады. Артынша «Қазақтелеком» АҚ (-0,003%) мен KEGOC-тың (-0,4%) баға белгілеулері төмендеді. Халық банкінің акциялары бойынша (+ 0,1%) шамалы ғана өсім байқалды. Тұтастай алғанда сауда-саттық қорытындысы бойынша KASE индексі 2,41%-ға төмендеп, 2433,84 тармақты құрады.

Толығырақ

Алматы. 11 маусым. 7kun.kz – Айналыстағы карталардың саны өткен жылмен салыстырғанда 25,6%-ға, 16,3-тен 20,5 млн-ға дейін өсті. Салыстыру үшін, бір жыл бұрын өсу 1,4% ғана болды. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. Пайдаланылған карталардың саны бір жыл ішінде 23,1%-ға (рекордты көрсеткішке) артып, 10,2 млн бірлікке дейін жетті. Өсім 2017 жылмен салыстырғанда 2,3%-ды құрады. Айналыстағы карталардан белсенді карталардың үлесі 1 пайыздық тармаққа азайып, 49,6%-ды құрады. Айналыстағы карталардың көпшілігі дебеттік карталар болып табылады. Олардың саны 2018 жылдың сәуір айының соңында 16,9 млн бірлікті құрады. Оның жартысынан көбі белсенді (8,5 млн). Несие карточкаларының саны 3 млн бірлікті құрады, оның 1,4 млн карточкасы пайдаланылды. Айналыстан басқа…

Толығырақ

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласындағы энергетикалық нысандарыды аралады. Атап айтанда Президенттің «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы аясында іске асырылған «ӨзенМұнайГаз» АҚ жаңа өндірістік базасы, «Өзен Жылу» МКК шағын ЖЭО болды. «ӨзенМұнайГаз» АҚ нысанында Бақытжан Сағынтаев кәсіпорынды цифрландыру және технологиялық жаңғырту барысымен танысты. Жаңа өндірістік база Болгарияда, Ресейде, Қытайда шығарылған заманауи станоктармен жабдықталғанын атап өту керек, оларды енгізу жөндеу жұмыстарының қуаттылығы мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, мұнда Премьер-Министр мұнай кәсіпшілігі жабдықтарының стандартталмаған жабдықтарын шығару және жөндеу процесімен танысты. «Цех қуаттылығы жыл сайын 400 мың сорғы-компрессор…

Толығырақ

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – Қытайлық Non Ferrous China (NFC) компаниясы қазақстандық Көксай жобасының 19,4% үлесін  сатып алады, деп хабарлайды KAZ Minerals. NFC қазақстандық компанияға 70 млн доллар инвестиция салмақ. Жобадағы үлес инвестицияға айырбас ретінде жасалады. Қазақстандық компания 70 млн долларды Көксайды дамытуға бағыттамақ. Оның ішінде техникалық-экономикалық негіздеме (ТЭН) де бар. ТЭН шеңберінде тау-кен өндіру және қайта өңдеу өндірісінің егжей-тегжейлі моделі жасалады. Көксай – Алматыдан 230 шақырым жерде орналасқан карьерлік типтегі мыс кеніші. Кен орнының минералды-шикізат қоры – 736 млн тонна. Мыстың орташа құрамдылығы 0,42 пайыз, жалпы құрамында 3,1 млн тонна мыс бар.

Толығырақ

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – 2018 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық кинотеатрлар 4,9 млрд теңгеге жуық табыс тапты, деп хабарлайды LS. Бұл көрсеткіш 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,9%-ға өсті. Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, киностудияның кірісі сол уақытта да өсті. Кинофильмдер мен бейнефильмдер өндірісінде үш айда сала 2,9 млрд теңгеден астам табыс тапты. Өнеркәсіпте 46% өсім байқалды. Алайда, жеке инвестициялар 393,7 млн теңгені құрады. «Cinemax» компаниясының бас директоры Әлия Бисімбаеваның айтуынша, қазақстандық прокаттың үлесі артып жатыр. Алайда ол қазіргі жағдайдан қорытынды жасауға әлі ерте деп санайды. «105-Мәскеу кино нарығында аталып өткендей, биыл хоррор, триллер жанрындағы фильмдерді түсіру сәнді болып кетті. Бұны…

Толығырақ

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – Қытайдың Xiaomi смартфон мен басқа тұтынушы электрониканы өндіруші компаниясы бастапқы орналастыру үшін Гонконг қор биржасының рұқсатын алды, деп хабарлайды Bloomberg агенттігі. Басылымның дереккөздері айтқандай, смартфон өндіруші листингтік тыңдаудан табысты өтті. Xiaomi келесі бірнеше күн ішінде инвесторлардың сұранысын бағалау процесін бастауы мүмкін деп күтілуде. 2018 жылдың мамыр айында Xiaomi Гонконг қор биржасына бастапқы орналастыру туралы өтініш жасады. Freedom Finance сараптамалық бөлімінің директоры Ерлан Әбдікәрімов бұл IPO Alibaba орналастырылғаннан бері ең ірі болып табылатындығын болжайды. Ол 2014 жылы өзінің акцияларын NYSE-да орналастырып, олар үшін 25 млрд доллар алды.

Толығырақ

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – Бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27 пайызға көп. Мәмілелер саны 15,2%-ға артып, 82,9 млн-ға жетті. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады. Айналым сомасының 84,8% қолма-қол ақшамен қамтамасыз еткен банкоматтар ға тиеселі. Оның үлесі жылына 28,7%-ға өсіп, 3,3 трлн-ға жетті. Қалған 15,2%-ы POS-терминалдардың еншісінде (92,1 млрд теңге), бұл жыл ішінде 18,2%-ға артты. Төлем карталарынан қолма-қол ақшаны алудың ең жоғарғы көрсеткіші Алматы облысында 37,9%-ға 174,9 млрд теңгеге жетті. ҚР-дағы үлесі 4,1%-дан 4,5%-ға дейін өсті. Одан кейін ОҚО 35,1%-ға, 345,4 млрд теңгеге дейін жетті. Қазақстан Республикасындағы үлес 8,3%-дан 8,8%-ға дейін өсті. Үштікке, сондай-ақ Қызылорда облысы кіреді. Онда жылдық өсім…

Толығырақ

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – 2018 Қазақстанда жұмыссыз жүрген жастардың саны 84 мыңға жеткен. Сарапшылардың мәліметінше, 2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейінің ең жоғарғы көрсеткіші Алматыда тіркелді,  деп хабарлайды Finprom.kz. «Қазақстанда 2018 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша жұмыссыздық деңгейі 4,1 пайыз болды. Ал 2017 жылы бұл көрсеткіш 3,9 пайыз болды. Жұмыс күші 1,2 (24,6 мың адамға) пайызға өсті, яғни, 2,05 млн-нан 2,07 млн адамға дейін», – делінген сарапшылардың зерттеуінде. Сондай-ақ, мамандардың айтуынша, Алматыда 16,2 мың адам (жастар) жұмыссыз жүр. Бұл елімізде 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз халықтың 19,3 пайызын құрайды. Бұл тізімде Алматыдан кейін ОҚО өңірі тұр. Онда…

Толығырақ

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – ЕАЭО-ның ортақ қаржы нарығын қалыптастырудың бірқатар негізгі бағыттары туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев бүгін Санкт-Петербургте өткен XXVII Халықаралық қаржы конгресінің «ЕАЭО бірыңғай қаржы нарығы: даму өлшемдері» атты дөңгелек үстел отырысында сөйлеген сөзінде айтып берді. Ол ортақ қаржы нарығының өздігінен бөлек және статикалық күйде жұмыс істей алмайтындығын түсінудің қажеттігін атап өтті. «Біріншіден, ол экономикалық базиске, біздің жағдайымызда, тауар нарықтары мен технологиялардың белсенді сыртқы экономикалық ықпалдасуына негізделеді. Екіншіден, делдалдық функцияны орындайды және сол себепті халық пен бизнестің қажеттіліктерін қанағаттандыру тиімділігі, қаржылық тұрақтылық және бәсекелестік, қаржылық қызметтерді тұтынушыларды қорғау қағидатына жауап беруге тиіс», – деді Д.…

Толығырақ

Алматы. 8 маусым. 7kun.kz – 2018 жылғы 7 маусымда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев пен Ресей Федерациясы Орталық банкінің төрағасы Эльвира Набиуллина Қаржы нарығын қадағалау саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы шартқа, сондай-ақ Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойды. Қаржы нарығын қадағалау саласындағы ынтымақтастық пен ақпарат алмасу туралы шарт реттеушілердің бақылау және қадағалау функцияларын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының қаржы нарықтарының сенімділігі мен тұрақтылығын нығайтуға, сондай-ақ қаржы ұйымдарының бағалы қағаздар, сақтандыру, банк қызметтері нарығында және микроқаржыландыру саласында сапалы қызметтер көрсетуі үшін жағдайлар жасауға бағытталған. Шарт қаржы нарықтарының транспаренттілігін, сыйымдылығын және…

Толығырақ

Алматы. 7 маусым. 7kun.kz – Қазақстандықтар Қытайға, Қырғызстанға және Түркияға өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп қаражат жіберген, деп хабарлайды Ranking.kz. ҚР-дан Ресейге қаражат жіберетіндер бірінші орында тұр.  Сарапшылардың мәліметінше, сәуірде Қазақстаннан шетелге 45,6 млрд жіберілген. Бұл наурыз айымен салыстырғанда 9,5 пайызға көп. Ал 2017 жылмен салыстырғанда 36,6 пайызға көп.  Жалпы алғанда 2017 жылы шетелге 159 млрд теңге жіберілген. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 36,5 пайызға көп. Қаңтар-сәуір аралығында ең көбі Ресейге жіберілген – 69,6 млрд теңге (31,2 пайызға өскен), одан кейін Өзбекстанға – 19,5 млрд теңге (39,9 пайыз). Үштікті Түркия аяқтайды. Бұл елге 18,3 млрд теңге (өткен жылмен салыстырғанда екі есе…

Толығырақ