Author: Dinara Key

Ресейлік «Росатом» Қазақстанда жалпы қуаты 2400 МВт дейінгі 3+ буынды ядролық реакторлары бар екі атом электр станциясын салуды ұсынды, деп хабарлайды ТАСС. Астанада өткен «Атом энергетикасы – энергетикалық тәуелсіздік пен технологиялық дамудың негізі» атты дөңгелек үстел барысында «Росатом Орталық Азия» ЖШС бас директоры Сергей Громов Қазақстанда әлемдегі «ең қауіпсіз» деп саналатын екі атом электр станциясын салу туралы ұсынысын айтқан. Үшінші буынға (3+) жататын ұсынылған блоктардың жалпы қуаты 2400 МВт құрайды. Іске қосылған соң Қазақстандағы электр энергиясы тапшылығының 20% жабуға қауқарлы. Айта кетейік, Қазақстанда АЭС салу мәселесі Президенттің соңғы Жолдауында айтылғандай Референдум арқылы шешілетін болды. Оған дейін АЭС-ке қатысты барлық жұмыстар тоқтатылған.…

Толығырақ

Бүгін “Халық банкі” АҚ директорлар кеңесінде өзгеріс болды. Оның аясында Ж.Құлекеев директорлар кеңесіне кірді. Жақсыбек Құлекеев С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «математик» біліктілігімен бітірген. Кейін Алматы халық шаруашылығы институтында диссертация қорғап, «экономика ғылымдарының кандидаты» дәрежесін алған. «Қолданбалы математика» бағыты бойынша КСРО халыққа білім беру жөніндегі мемлекеттік комитетінде доцент аттестатын алған. Экономика профессоры. Ол Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы; Қазақстан Республикасының Экономика министрі, Қазақстан Республикасы республикалық бюджетінің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі сияқты жоғары мемлекеттік лауазымдарда жұмыс істеген, Сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-на басшылық қызмет атқарған.ҚТЖ ұлттық…

Толығырақ