Author: Маржан Нүсіпбек

Қаражатты қолма-қол сақтаудан гөрі банк картасында сақтаған сенімдірек. Алайда дағдарыс уақытында кез келген нәрседен ақша жасағысы келетін алаяқтардың көбейетіні тағы бар. Банк картасындағы қаражатыңызды алаяқтардан қалай қорғауға болады? Қандай әрекеттер жасаған жөн? Бұл жөнінде 7kun.kz түсіндіреді. Статистика бойынша алаяқтық операциялардың 68%-ы картадағы көрініп тұратын реквизиттер (нөмір, карта иесінің аты-жөні, жарамдылық мерзімі және CVV-код)арқылы болуы мүмкін. Сондықтан картамен  төлем жасағанда немесе банкоматтан ақша алған жағдайда реквизиттерді жасырын ұстаған жөн. Сондай-ақ, онлайн-төлем жасауда банк картасын жиі пайдаланбай-ақ қосымша виртуалды карта жасап алыңыз. Бұл қаражатыңыздың қауіпсіздігі үшін тиімді тәсілдердің бірі. Виртуалды банк картасы – бұл онлайн төлем жасауға мүмкіндік беретін реквизиттер жиынтығы. Аталған картаға…

Толығырақ

Мен Сабитова Нұрсұлу Ұзақбайқызы БҚО, Теректі ауданы, Шағатай ауылынанмын. 2012 жылы белгілі бір банктен (белгілі себептермен банк атауі көрсетілмейді) төрт жылға кредит алдым. Оның үш жылын төледім. Төртінші жылы бір-екі ай төлеп, ары қарай төлей алмадым. 2016 жылдың мамыр айында біту керек еді. Төлей алмаған соң жұмыс орнымнан хабарласып, жұмыстан шығарамыз деп қорқытады. Мектепте күзетші болып жұмыс істеймін. Мектеп директоры болса мені шақырып алып, облыстық білім басқармасына сот орындаушыдан «Сабитова алты айдан бері жұмыс істемеймін деп бухгалтерден қағаз әкеліп берді, бірақ бұл жалған ақпарат, ол кісі жұмыс істейді» деп екі рет хат келгенін айтады. Осылай 6 ай бойы мазалады. Жаңа жылдан…

Толығырақ

Сәлеметсіз бе? Мен несиемді төлей алмай жүргеніме 7 айдай болды, оған себеп жұмыстан шығып қалуым. Мен оларға жұмысқа тұрған бойда төлеймін деп айттым, олар менің банк карточкамды жауып тастады. Енді туыстарымды мазалап жүр. Олардың туыстарымды мазалауы заңды ма? Жасұлан Жәрдемов, әлеуметтік желі арқылы жолданды Жасұлан, сіздің сұрағыңыз бойынша банк қызметкерлерінің несие құпиясын сізден басқа үшінші тұлғаларға жариялауы заңға қайшы әрекет, тіпті қылмыстық іс әрекет десе де болады. Себебі банк құпиясын жариялау қылмыстық кодексте көрсетілген арнайы бап, бұл бойынша прокуратура органына банк қызметкерлерінің үстінен шағым жазсаңыз болады. Сонымен қатар банк сіздің картадағы шотыңызға бұғат қойғаны заңды өрескел бұзушылық болып табылады, бұл…

Толығырақ

“Оскар” сыйлығы— бүкіл әлем көз тігіп отырған кино саласындағы елеулі оқиға, әдемі голливудтық бал. Ал оны мінсіз ұйымдастыру нағыз кәсіпқойлардың жұмыс күшін талап етеді, жұмсалатын қаржы да аз емес. Назарларыңызға кино өндірісіндегі ең ірі оқиғаның қалай өтетіні туралы ақпаратты ұсынамыз. Бюджет Variety агенттігінің ақпаратынша, “Оскар” сыйлығын тапсыру салтанатын өткізу үшін орташа есеппен 40 млн доллар жұмсалады. Бұл ақшаға әрбір жұлдыз өтетін қызыл кілемнен бастап (25 мың доллар), статуэткаларды дайындау (45 мың доллар), номинанттарға арналған түскі ас (260 мың доллар) кіреді. Сондай-ақ, жүргізушілер (15-25 мың доллар аралығы) мен продюссерлерге (100 мың доллардан аса) төленетін қаламақы да осы қаржының ішіне кіреді. Жыл сайын…

Толығырақ

Астана. 27 ақпан. 7kun.kz – Көктемгі егін жұмыстары үшін Қазақстан аграрийлеріне берілетін дизель отынының арзандатылған бағасы 108 теңгені құрайды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға жоғары, деп хабарлайды forbes.kz. “ҚазМұнайГаз Өнімдері” ЖШС-ның қаңтар айындағы жанар-жағармай нарығына жасаған болжамы бойынша дизель отынының бағасы өткен жылдың күзіндегі бағаға сәйкес болады. Жанармай бекеттеріндегі солярканың қазіргі бағасы – 128-131 теңге. Дегенмен компанияның мәліметінше, егістік жұмыстары басталған кезде баға өзгерісі міндетті түрде болады. Мамандардың түсіндіруінше, бұл 2016 жылдың 30 қыркүйегіндегі ҚР Үкіметінің дизель отыны мен бензин акциздеріне қатысты бекіткен ережесіне байланысты. «2017 жылдың 1 сәуірінен бастап  дизель отынын сату бойынша акциз ставкасы тоннасына 9 300 теңгені құрайды.…

Толығырақ

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 27 ақпандағы доллардың орташа бағамы 312,44 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 312,65 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 312,60 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 61 млн 900 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 135. Ақша айырбастау орындарында 27 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 314 теңгені құраған. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға…

Толығырақ

Алматы. 27 ақпан. 7kun.kz – Иран алдағы үш жылда Қазақстаннан 950 тонна уран концентратын сатып алуды жоспарлап отыр және ядролық отын өндірісі үшін Ресейден көмек сұрамақ. Бұл туралы ИСНА агенттігі хабарлайды. Агенттіктің мәліметінше, 650 тонна уран концентраты екі кезең арқылы алдағы екі жылда Иранға жеткізіледі. Ал 300 тонна үшінші жылы сатып алынады. Содан кейін сапасы арттырылған соң Қазақстанға қайта жібіріледі. Бұл туралы Иранның атом энергетикасы жөніндегі ұйымның басшысы Али Акбар Салехи мәлімдеді. Оның сөзінше, Тегеран бірлескен іс-қимыл жоспарды жүзеге асыру жөніндегі комиссия мүшелерінің (АҚШ, Франция, Германия, ҚХР және Ресей) бесеуінің келісімін алды. Енді Ұлыбританияның жауабын күтіп отыр. «Ядролық мәміленің орындалуын бақылауды жүзеге…

Толығырақ

Демалыс уақыты басталған кезде көпшілігі шетелге саяхаттауды жоспарлайды. Алайда демалыс мерзімі кезінде тур билеттері қымбатап кететіні белгілі, ал қымбат бағаны кейбірінің қалтасы көтермейді. Ал егер саяхаттауды қатты қаласаңыз және оған қаражатыңыз жеткіліксіз болса не істеуге болады? 7kun.kz назарларыңызға арзан әуе билеттерін қалай сатып алуға болатыны туралы кеңестер ұсынады. Билетті арнайы іздеу жүйелерінен қарау Біріншіден  арзан әуе билеттерді сатып алуға болатын сайттарды іздеп көру керек. Олар  – сізге қажетті параметрлер бойынша желіден барлық билеттерді қарап, арзан билеттерді табуға көмектесетін арнайы іздеу жүйлері. Мұндай іздеу құралдарына  Aviasales, Skyscanner сынды жүйелерді жатқызуға болады. Сіздің қалтаңыздағы қаражатқа қарай ұшуды жоспарлауға көмектесетін сайттардың бірі – Kiwi. Оның басқа…

Толығырақ

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық Банкі 2017 жылғы 1 наурыздан бастап 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттардың айналыстан шығатынын және төлем құралы болуын тоқтататынын хабарлады. “Аталған күнге дейін бұл банкноттар заңды төлем құралы болып табылады және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдер және банк операциялары үшін қандай да болмасын шектеусіз пайдаланылады”, – делінген баспасөз хабарламасында. 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды Ұлттық Банктің барлық филиалдарында олардың айналыста болуының аяқталу күнін күтпей айырбастауға болады. Одан кейін 12 ай ішінде – 2017 жылғы 1 наурыз – 2018 жылғы 28 ақпан аралығын қоса алғанда – көрсетілген банкноттар кез келген екінші…

Толығырақ

Астана. 24 ақпан. 7kun.kz – Жыл басынан бері Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 2,1%-ға дейін қымбаттаған. Бұл туралы статистка комитеті хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, картоп  14,3%-ға, ақбас қырыққабаты 8%-ға, пияз 7,8%, қызылша 4,2%, сәбіз 2,9%-ға қымбаттаған. Сондай-ақ, баға сиыр (6,3%) және қой етіне (4,7%) өскен. Бұдан бөлек сары май 4,4%-ға, өсімдік майы 2,1% қымбаттады. Нан 3,1%-ға өсті. Айта кетейік, 2016 жылы азық-түлік өнімдері 11,2%-ға, азық-түлік емес өнімдер 9%-ға, қызметтер 6,1%-ға қымбаттады.

Толығырақ

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – АҚШ Президенті Дональд Трамп елдегі мемлекеттік қарыз мәселесін шешу үшін әркім соңғы долларына дейін үйемдей білу керек деді. Елдің қарызы соңғы сегіз жылда 2 есеге өскен, деп хабарлайды rosbalt.ru. Ақ үйдегі бюджетке қатысты болған кездесу кезінде Президент АҚШ-тың қарыз мәселесімен айналысуға уәде берді. Ол журналистермен кездесу кезінде ұлттық қарыз сегіз жылда екі есе өсіп кеткендіктен көп жұмыстар істеу керектігін айтқанмен, мәселені шешу үшін нақты қандай шаралар қолданылатынын анықтамаған. “Біз аз ақшаға көп нәрсені істеуіміз керек. Ақшаны қалай болса-солай кез келген нәрсеге жұмсай бермей, соңғы долларымызға дейін үнемдеуіміз керек”, – деді Президент. Айта кетейік, 2009 жылы…

Толығырақ

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz – Осы жазда Алакөлдің жағалауында демалуға тыйым салынады. Өйткені өңірдегі 147 туристік нысанның 139-ы санитарлық нормаға сәйкес тексерістен өтпеген. Емдік көлдің маңында қауіпсіздік талаптары да бұзылған, деп хабарлайды Еуразия бірінші арнасы. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов демалыс науқаны кезінде ақша тауып жүрген кәсіпкерлерге ахуалды реттегенше көл жағасында жұмыс істеуге шектеу қойды. Ол Алакөлдің айналасынан құрылыс жүргізу үшін жер телімдерін беруге де тыйым салатын қаулы шағырған. Соған қарамастан, туризм саласындағы кәсіпкерлерге облыстан 550 млн теңге қаржылай қолдау көрсетіледі. Ол ақша жағалауды абаттандыру жұмыстарына жұмсалады. «Ешқандай әлеуметтік жауапкершілік деген жоқ. Санитарлық тазалықты, жағалауды абаттандырайын дегенді ойлап жатқан…

Толығырақ

Алматы. 24 ақпан. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі бейсенбі күні 24 ақпанға арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады. АҚШ доллары — 312,65 теңге, 1 еуро — 329,60 теңге, Ресей рублі — 5,39 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 389,75 теңге, жапон йені— 2,76 теңге, 1 қытай юаны — 45,47 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,52 теңге, 100 өзбек сумы— 9,47 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада. АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 23 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 312,65 теңге деңгейінде нақтыланды. Ал теңге…

Толығырақ

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басшылығына қатысты дау аяқталмай жатып, қор қаржысының 50 млрд теңгесін темір жол саласына жұмсауы мүмкін екені туралы ақпарат тарады. Бұған қатысты Ұлттық банк те, инвестиция министрлігі де түсініктеме берді. Алайда БЖЗҚ қаржысына тағы “көз салғандар” бар  сияқты… Айта кетейік, 20 ақпан күні инвестициялар және даму министрлігінің алқа отырысында вице-министр Альберт Рау зейнетақы қорынан теміржол машина жасау саласына 50 миллиард теңге ақша бөлінетінін мәлімдеген. Осыдан соң БЖЗҚ жанындағы қоғамдық кеңес Ұлттық банкке сауалхат жолдады. «БЖЗҚ» АҚ жанындағы қоғамдық кеңес Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтан және БЖЗҚ төрағасы Нұрбүбі Наурызбаевадан теміржол саласына бөлінетін зейнетақы қорының 50 млрд теңгесі…

Толығырақ

Астана. 23 ақпан. 7kun.kz – “Қазақстан инжиниринг” ұлттық компаниясы” АҚ басқармасы төрағасының бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков екі айға қамауға алынды деп хабарлады Sputnik Қазақстан агенттігі. “Есіл ауданы №2 сот шешімімен, бұлтартпау шарасы ретінде екі айға қамауға алынды, яғни 16 сәуірге дейін”, — деп хабарлады сотта. Астана қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, Сұлтанбеков Астанада 22 ақпан күні ұсталған. Қылмыстық істің қай бап бойынша қозғалғандығы әлі хабарланған жоқ. Ұлттық компания сайты Сұлтанбековтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғанын мәлімдеді.

Толығырақ

Алматы. 23 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 23 ақпандағы доллардың орташа бағамы 312,84 теңгені құрады. Бұл  туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды. KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 312,60 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 314 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 312,80 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 98 млн 300 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 134. Ақша айырбастау орындарында 23 ақпандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 316,5 теңгені құраған. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға…

Толығырақ