Конституциялық кеңес Тоқаевтың ұсынысы бойынша шешім шығарды

Нұр-Сұлтан. 14 қыркүйек. 7kun.kz – Конституциялық кеңес ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысы бойынша Конституцияға енгізілетін өзгерістерді қарап, шешім қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Конституциясына, соның ішінде Негізгі Заңның 91-бабының 2-тармағында белгіленген талаптарға, сәйкес деп танылсын», – делінген кеңестің қорытынды құжатында.

Айта кетейік, қаралған өзгерістер аясында президенттің өкілеттілігін жеті жылға дейін ұзарту және одан артық сайлануға тыйым салыну ұсынылып отыр. Болашақта басқа президенттер де бұл норманы өзгерте алмайды.

Сондай-ақ депутаттардың ұсынысы бойынша елорда атауын қайта Астанаға ауыстыру мәселесі де қарастырылған.