Криптовалюта нарығының капиталы 288 миллиард долларды құрады

капиталы
Фото: izvestia.kiev.ua

Алматы. 25 шілде. 7kun.kz – Цифрлы ақшаның құны көтеріліп келеді. Бүгінде криптовалюта нарығының капиталы 288 миллиард долларды құрайды.

Екі айдан бері алғаш рет криптовалютаның курсы 7 мың 500 доллардан асып жығылды. Бүгінде биткоин 8 мың долларды құрайды.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай күрт өсімге бірнеше жағдай әсер еткен. Оның бір себебі биткоинға қатысты толыққанды «И-Ти-Эфтің» жүзеге асырылуы және жапон үкіметінің цифрлы нарықты тұрақтандыруға қатысты жаңа ұстанымы.

Ресми деректерге сәйкес, криптовалюта нарығының капиталы 288 миллиард долларды құрайды. Оның ішінде интернеттік валютаның 45,5 пайызы биткоинға тиесілі.