Күндізгі сессия: 1 доллар — 371,49 теңге

күндізгі
Фото: zakon.kz

Алматы. 25 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 371,49 теңгені құрады. 

KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 370,80 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372,30 теңге, жабылу курсы бір долларға 372 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 76 млн 200 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 166.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30 да 374 теңге, Алматыда – 375 теңге.

Ұлттық Банктің 25 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 371,68 теңгені құрайды.