Күндізгі сессия: 1 доллар үшін – 378,31 теңге

күндізгі
Фото: ihc2015.info

Алматы. 8 ақпан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,31 теңгені құрады. 

KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 380,20 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,80 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 70 млн 350 мың  долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 181.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:30-да 380 теңге, Алматыда – 380 теңге.

Таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша америка валютасының орташа бағамы 378,73 теңге деңгейінде қалыптасты.

Ұлттық Банктің 8 ақпандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 377,97 теңгені құрайды.