Әлемдегі ең бай 7 бала

2221
бала
Фото: post-factum.net

Кәмелеттік жасқа толмаған, бірақ миллиондаған табыс табатын балаларды білесіз бе? Назарларыңызға кішкентай болса да әлемдегі ең бай адам атанған балалардың тізімін ұсынамыз.

Мулай Эль Хассан ханзада, 14 жас,  2,5 млрд доллар

бала
Фото: static.zakon.kz

Марокко патшасы Мохамед VI және Сальма ханшайымның ұлы Хасан ханзада жақын арада 14-ке толды.  Оның меншігінде 2,5 миллиард доллар және 60 пайыз акциясы бар.

Георг Александр Луи, 3 жас, 1 млрд доллар

бала
Фото: static.zakon.kz

Үш жасар Георг ержеткен соң  мұра бойынша тақты иеленіп қана қоймай, бір миллиард доллар тұратын активке басшылық етеді. Болашақта монарх болудан бас тартса да, ол өзіне тиесілі үлестен құр қалмайды. Себебі, мемлекеттік қазынада оның 400 миллион евросы бар.

Сури Круз, 11 жас, 270 миллион доллар

бала
Фото: static.zakon.kz

Том Круз бен Кэти Холмстың қызы Сури ата-анасынан қымбат киінеді десек, қателеспейміз. Оның бір сәнді киімінің өзі 3 миллион долларды құрайды. Суридің гардеробында Marc Jacobs, Chloe, Burberry, Juicy Couture брендтерінің киімі басым. 11 жастағы Сури Круздің мүлкі 270 миллион долларға бағаланады.

Нокс және Вивьен Джоли Питт, 9 жас, 67 миллион доллар

бала
Фото: static.zakon.kz

2008 жылы Бред Питт пен Анджелина Джолидің егіздері дүниеге келгенде сәбилердің ең бірінші суреті 14 миллион долларға сатылды. Вивьен мен Ноктың ата-анасы Голливудтың ең беделді, жалақысы жоғары жұлдыздары болғандықтан, балалардың бұл тізімге енгендігі таңғаларлық жайт емес.

Дэннилин Хоуп Биркхед-Маршалл, 10 жас, 59 млн доллар

бала
Фото: spletnik.ru

Суретке қарап кішкентай Дэнилиннің өмірі керемет деп ойласаңыз, қателескеніңіз. Ол анасынан және ағасынан алты жасында айырылды. Оның анасы Анна Николь Смит 90-жылдардағы танымал модельдердің бірі болған. Николь Смиттің 10 миллионға бағаланған мүлкі мұра бойынша Дэниллинге берілді. Сондай-ақ соттың шешімі бойынша, Аннаның бұрынғы жұбайы магнат Говард Маршаллдың мүлкінен Дэниллинге 49 миллион доллар берілді.

Валентина Палома Пино, 11 жас, 12 миллион доллар

бала
Фото: static.zakon.kz

Миллиардер Франсуа-Анри Пино мен актриса Сальма Хайектың сүйкімді қызы бос уақытын өзін-өзі дамытуға арнайды екен. Ол үш тілде еркін сөйлейді. Бос уақытын көбінесе Сен-Бар аралында өткізеді. Валентинаға әкесі Лос-Анджелестен 12 миллион доллар тұратын үйді сатып алып беру үшін ай сайын қызының шотына 50 000 доллардан аударады.

Изабелла Баррет, 9 жас, 2 миллион доллар

бала
Фото: static.zakon.kz