Әлемдегі ең инновациялық 10 қала

5500
қала
Фото: travel.ru

Адамзатың ең үздік туындысы ол – мегаполистер. Қазір қалалардың дамуына қарап, жаһандану туралы қорытынды жасауға болады. Ең қызығы мемлекет астанасы үнемі дамыған қалалар қатарында бола бермейді екен. Сонымен әлемдегі ең үздік шаһарлар қандай? Оны анықтау үшін 7күн сіздерге әлемнің ең инновациялық 10 қаланың тізімін ұсынады.

Лондон

Фото: london-life.ru

Ұлыбритания корольдігінің астанасы әрі ең үлкен қалалардың бірі. 33 ауданнан тұрады. Халық саны 9 миллионға жуық. Еуропадағы ең ірі урбанизацияланған аймақ.

Лондон – Ұлыбританияның саяси, экономикалық және мәдени орталығы. Қала экономикасы ел экономикасының бестен бір бөлігін құрайды. Сонымен қатар, ғаламдық жоғары дәрежедегі мегополис және әлемнің жетекші қаржы орталығы. Ол – өндірістік қала. Негізінен машина жасау, мұнай өндіру, мұнай-химия және полиграфиямен айналысады. Туристік және ақпараттық саласы да өте жақсы дамыған. Қалада бірнеше ірі банктер мен қаржы компанияларының штаб-пәтерлері орналасқан.

Лондон қор биржасы — валюта және қор нарығының орталығы.

Нью-Йорк

Фото: pronewyork.org

Америкадағы ең тығыз қоныстанған және әлемдегі ең урбанизацияланған қала. Бір ғасырдан аса уақыт бойы әлемнің ең негізгі коммерция және қаржы орталығы. Әлемге БАҚ, саясат, білім, өнер және сән салаларындағы ықпалы бойынша, көшбасшы орталық болып есептеледі. БҰҰ бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан.

Нью Йоркте көптеген колледждер және университеттер де осы қалада. Олардың ішіне әлемдік үздік Колумбия университеті, Нью-Йорк университеті, және Рокфеллер унверситеті бар.

Нью-Йорк қор биржасы — капитализациясы бойынша ең ірі биржа.

Қалада дамыған негізгі өндіріс салалары: машинажасау, химия өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тамақ өнеркәсібі. Нью-Йорк жылжымайтын мүлкі қымбат тұратын қалалардың бірі.

 

Токио

Фото: aviatour.com.ua

Жапонияның астанасы, әкімшілік, қаржылық, мәдени және өндірістік орталығы. Хонсю аралында орналасқан. Халық саны 13 млн адамнан астам. Токио дүние жүзінде астаналар арасындағы ең жоғарғы ЖІӨ шығаратын қала. Негізінен өндірістік өнеркәсіппен айналысады.

Токио — әлемдегі ең экономикалық дамыған агломерация. Ірі халықаралық қаржы орталығы және инвестициялық банктер мен сақтандыру компанияларының бас-пәтері болып есептеледі.

Сан-Франциско

Фото: forumdaily.com

Сан-Франциско түбегінде орналасқан Калифорния штатындағы туристік қала. Москоне ауданында мейрамханалар мен қонақүйлердің үлкен инфрақұрылымы орналасқан.

Шағын компаниялар қала кәсіпорындарының 85 пайызын құрайды. Сан-Францискода Wells Fargo, Visa, Charles Schwab, First Republic Bank сияқты көптеген үлкен банктер, сақтандыру және қаржылық компаниялар бар.

Жалпы Калифорнияда энергетика, мұнай-газ өндірісі, фармацевтик мен биотехнология және химия өндірісі салалары жақсы дамыған.

Сан-Хосе

Фото: americancities.ru

Калифорнияның ірі қалаларының бірі. Адам саны бойынша үшінші орында. Округтің әкімшілік орталығы – Санта-Клара. Ақпараттық технологиялар саласындағы көптеген компаниялардың штаб-пәтерлері орналасқан. Оның ішінде Cisco Systems, Adobe Systems, BEA Systems, eBay және KLA Tencor.

Сан-Хосе — интеллектуалдылардың қаласы. Онда миллион тұрғынға 5 мың патенттен келеді. Бұл барлық қалалардың ішіндегі ең жоғары көрсеткіш. Сан-Хоседе автомагистраль желісі жақсы дамыған.

Бостон

Фото: americancities.ru

Бостон — АҚШ-тағы Массачусетс штатының астанасы, әрі ең ірі қаласы. Ол Американың ең көне және экономикалық, мәдени бай шаһарларының бірі болып есептеледі. Қала айналасындағы елді-мекендерімен қоса санағанда елдің ең ірі қалалар ондығына кіреді. Бостонда әйгілі Гарвард және MIT универститеттері орналасқан.

Сонымен қатар, туристік бағытта танымал шаһарлардың бірі. Бостонның әр ауданы өзіндік ерекшеліктерге ие. Қалада баспа саласы жақсы дамыған.

Houghton Mifflin Harcourt, Bedford-St. Martin’s және Beacon Press баспалары бар. Одан бөлек, ірі білім орталығы. Дамыған инфрақұрылымы мен жоғары білікті жұмыс күші оны биотехнология мен микроэлектроника саласында көшбасшы етеді.

Лос Анжелес

Фото: jazztour.ru

Калифорния штатының оңтүстігінде Тынық мұхиты жағасында орналасқан. Штаттың ең үлкен қаласы. Америкалық фильмдер көбі қала жанындағы Голливудта шығады.

Әлемнің мәдени, ғылыми, экономикалық және білім орталығы. Сонымен қатар, кино, музыка, телевидения сияқты ойын-сауық индустриясының жақсы дамыған.

Негізгі өндіріс салалары – халықаралық сауда, кино, электротехника және машина құрастыру. Биотехнология мен мұнай өндірісі жақсы дамыған. Occidental Petroleum, Reliance Steel & Aluminum, CBRE Group, Health Net, City National Bank сынды әлемдік жетекші компаниялардың штаб-пәтерлері орналасқан.

Лос-Анджелес – үлкен халықаралық көрмелер өткізілетін қала.

Сингапур

Фото: raskalov-vit.livejournal.com

Индонезияның солтүстігінде орналасқан қала-мемлекет. Инвистициялық Тұрғындардың әл-ауқаты жақсы деңгейде. Бәсекелестікке қабілетті. Экономикалық бостандығы жөнінен әлемдегі ең алдыңғы қатардағы елдердің тізімінде. Жергілікті халқы өте білімді, білікті болады.

Сингапур – нарықтық экономикасы жақсы жетілген және салық төлемі аз мемлекет. Сондықтанда да инвесторларды көп қызықтырады. Онда ұлтаралық корпорацияға баса назар аударады.

Елде электроника, кеме жасау және қаржы қызметтері секторлары дамыған. Сингапур —  ауданның ірі сауда державасы болып есептеледі. Экономикасы экспортқа тәуелді.

Торонто

Фото: gradremstroy.ru

Канаданың ірі экономикалық қаласы. Онтарио провинциясының әкімшілік орталығы. Әлемнің халықаралы деңгейдегі жетекші мегаполистерінің бірі.

Солтүстік-шығысында сегіз ядерлі реакторлы атом электростанциясы орналасқан. Торонтода көптеген театрлар менконцерт залдары бар. Қала халықаралыққ мәдени орталық болып есептеледі. Өзіндік архитектурасымен ерекшеленеді. Онда Онтарио  сурет галереясы, Онтарио корольдік мұражайы бар. Шаһарда дүние жүзіндегі бірінші IMAX-кинотеатр оналасқан. Мұнда салық және баға саясатына байланысты Канадалық және Голливуд кинолары көптеп түсіріледі.

Париж

Фото: timeserver.ru

Францияның астанасы, маңызды экономикалық және мәдени орталығы. Ауданы бойынша, Еуроодақта бесінші орында тұр. Ғаламдық қала және әлемдік қаржы орталығы болып есептеледі. ЮНЕСКО-ның және басқа да халықаралық ұйымдардың штаб-пәтерлері орналасқан. Негізгі жұмыс күші қызмет көрсету саласында. Туристік бизнес қарқынды дамыған. Парижде француз банктерінің, сақтандыру ұйымдарының және басқа да қаржы кәсіпорындары бар. Францияның негізгі телекоммуникациялық компаниялары да осында орналасқан. Қала — Еуропаның ірі сауда орталығы. Париж мемлекеттік ЖІӨ-нің үштен бір бөлігін қамтамасыз етеді.