Әлемдегі ең әлсіз экономикалар анықталды

478

Bloomberg агенттігі сауалнама жүргізген сарапшылар осы жылғы ЖІӨ өсімі нашар деп танылған 10 елді атады. Олардың бағалауынша, Украина экономикасы 2015 жылдың қорытындысы бойынша 4 пайызға, Ресейдің ЖІӨ-і 3,5 пайызға төмендейді. Ал тізімдегі өзге елдерде жағдай біршама жақсырақ.

Украина мен Ресейден бөлек ЖІӨ-нің құлдырау қаупі Бразилия (1,6 пайыз) және Аргентинаға (1,5 пайыз) төніп тұр. Швейцариялықтардың экономикасы тек 0,1  пайыз ғана өседі деген болжам бар. Келесі орында тұрған Хорватия мен Сербияның экономикалық өсімі тиісінше 0,2 және 0,3 пайызды құрайды.

 

Мемлекеттік қарызды төлеуде қиындық көріп жатқан Грекия тізімде 8-орынға ілінді. Оның экономикалық өсімі осы жылғы қорытынды бойынша 0,9  пайызды құрайды деп бағаланып отыр.

9-орындағы Италияның ЖІӨ-і 1,1  пайызға, 10-орындағы Қазақстанның ЖІӨ-і 1,2  пайызға ұлғаяды деп болжанды. Қазақстандағы экономикалық өсімнің баяулауы негізгі сауда серіктесі Ресейдің халықаралық санкциялар мен мұнай арзандауынан қиындық көріп жатуына байланысты.

Маусымда Әлемдік банк (ӘБ) 2015 жылдағы әлемдік экономика өсімі 2,8 пайыз болады деп бағалады. Дамыған елдердің болжамы 4,8 пайыздан 4,4 пайызға дейін төмендетілді. ӘБ-нің болжамы агенттік сұраған сарапшылардың бағалауымен сәйкес келіп тұр. Әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан экономика иесі ретінде Үндістан аталды. Оның ЖІӨ-і 7,5 пайызға өседі болжанып отыр.