Әлемдегі ең үздік 7 бизнес-мектеп

1820
бизнес
Фото: forbes.ua

Бизнеспен  айналысқысы келетін немесе бизнеспен айналысып жүрген адам үшін MBA дәрежесінің маңызы зор. Әлемде бизнес саласында оқытатын мектептер көп. Financial Times  басылымы әлемдегі  ең үздік бизнес мектептер рейтингін жасады.  7kun.kz  сайты олардың  үздік жетеуімен  таныстырады.

Insead, Франция

Құрылған жылы: 1957

inseadInsead  — франциялық жекеменшік  бизнес – мектеп және зерттеу институты. Мектептің кампусы ең алғаш Франциядағы  Фонтенбло сарайында болған.  Жорж Дорио Гарвард университетіннің профессоры  және осы оқу орнының негізін қалаушылардың бірі.  Бүгінгі күнде мектептің кампусы тек Францияда ғана емес, Азияда(Сингапур) және Таяу Шығыста (Абу-Даби) орналасқан.  Ал зерттеу орталығы Израилде.  Мектеп кампусының Сингапурде орналасуы оқу орнының дәрежесін басқаларына қарағанда алдыға шығарып тұр. Себебі Сингапур әлемдегі бизнес жасауға ең қолайлы елдердің бірі ретінде мойындалған.

Мектептің негізгі ұтатын тұсы  — MBA  бағдарламасы. Қазіргі уақытта ол Forbes, BusinessWeek, QS Global 200 Business Schools,  Report басылымдарының бағалауынша  Еуропадағы үздік бизнес мектептер қатарына жатады.  Financial Times газеті қатарынан 3 жыл бойы үздік үштіктің тізіміне енгізсе, 2016 жылы мектептің MBA бағдарламасы әлемдегі ең үздік деп мойындалды.  Аталған оқу орнынан 9 миллиардер шыққан. Соның бірі француздық  «L`Occitane”   косметикалық өнімдер жасайтын фирманың басшысы — Рейнольд Гейгер. Ол $1,38 млрд  байлығымен Forbes 2016  рейтингте 1367 орынды иеленген.

Гарвард бизнес- мектебі, АҚШ

Құрылған жылы: 1908

Harvard-University-Wallpapers-5Гарвард бизнес мектебі —  Массачуетс штаты Бостон қаласында орналасқан жеке меншік оқу орны.  Аталған оқу орнынының ерекшелігі  оқытушылардың арасында табысты компаниялардың  SEO — сы да бар.  U.S. News & World Report`s  рейтингісінде 2016 жылы 1 орын алды.  Студенттер саны – 1872.  Оқу ақысы — $ 61,225. Менеджмент, қаржы, маркетинг т.б. салаларды оқытылады.  Гарвард бизнес мектебі — әлемдегі ең танымал оқу орны.  Тіпті егер қолыңызда  Гарвардтың дипломы болса, американдық банктер  несие  беруге дайын деген аңыз да бар. Гарвард бизнес-мектебінен 64 миллиардер шыққан.   Миллардерлердің бірі  «3G Capital»   инвестициялық компаниясының  серіктесі, сондай-ақ «Burger King», « Heinz», « Anheuser – Busch InBev»  сияқты әртүрлі компанияларды қол астында ұстайтын —  Хорхе  Пауло Леманн.  Ол Forbes-тің 2016 жылғы рейтингісінде   $24,5млрд  дәулетімен  19 орын иеленген.

Лондон бизнес – мектебі, Ұлыбритания  \БАӘ

Құрылған жылы: 1964

lbs-introЛондон бинес мектебі –   әлемдегі үздік оқу орындарының бірі.  Бұл мектеп  бітіруші түлектеріне біраз уақытқа  дейін Лондон Университетінің  дипломын беріп келген. Тек 2010 жылдан бастап   университеттен бөлініп жеке өзінің дипломын шәкірттеріне табыстай бастады.  Аталған оқу орнының студенттері  сабақты қай жерде өтетінін яғни  Лондонда немесе Дубайда  оқығысы келе ме өз қалаулары бойынша таңдай алады.   Мектепті бітіргеннен кейін жұмыс табу қиынға соқпайды.  Оқу орнының белгілі түлектерінің қатарында  Үндістандағы ең ірі корпарациялардың бірі  Aditya Biria Group–тың  басшысы миллиардер  Кумар Мангалам Бирла бар.   Ол Forbes-тің 2016 жылғы рейтингісінде   $7,4 млрд  дәулетімен  196 орын иеленген.  Ал 2015 жылғы Үндістандағы ең бай адам рейтингісінде 10 орын алған.

Уортон бизнес- мектебі (Пенсильвания университеті), АҚШ

Құрылған жылы: 1881 жыл

Фото:cnbc.com

Уортон бизнес- мектебі – Пенсильвания штаты Филаделфияда орналасқан жеке меншік оқу орны.  Аталмыш мектептің негізін  1881 жылы кәсіпкер Дж. Уортон өзі қалаған. Бүгінгі күнде мұнда студенттер саны – 1715.  Оқу ақысы — $ 64,920.  Студенттер  маркетинг, қаржы, статистика т.б. мамандықтарда білім алуда.  АҚШ –тағы алдыңғы қатарлы мектептердің бірі болғандықтан, бұл оқу орнын бітірушілерге де жұмыс мәселелесі де аса қиынға соқпайды. Айта кетейік, қазіргі уақытта АҚШ президенттігіне кандидат миллиардер Дональд Трамп осы оқу орнының түлегі.  Ол Forbes- тің 2016 жылғы рейтингісінде   $4,5 млрд  дәулетімен  324 орын иеленген.

Стэнфорд бизнес – мектебі, АҚШ

Құрылған жылы: 1925 жыл

photo-slideshow-arbuckle-community-courtСтэнфорд бизнес мектебі  — Калифорния штаты Стэнфордта орналасқан жеке меншік оқу орны.  Бұл оқу орнының басқа рейтингтегі орнына назар аударсақ  U.S. News & World Report`s-та  2-орын және  The Economist  нұсқасында 9-орын алған.   Стэнфорд бизнес мектебінің бір ерекшелігі АҚШ-тың басқа мектептеріне қарағанда студенттерді магистратураға ең аз қабылдайды. Мұнда 824 астам студент білім алады. Ал оқу ақысы  — $64,050.  Аталған оқу орнында менеджмент, маркетинг, қаржы, бугалтерлік есеп  т.б. мамандықтар оқытылады.  Әлемдегі  миллиардерлердің 23-і осы мектепті бітірген.  Соның бірі « NIKE»  компаниясының басшысы Филлип  Найт.  Ол Forbes-тің 2016 жылғы рейтингісінде   $23 млрд  дәулетімен  24-орынды иеленген.

Колумбия бизнес мектебі, АҚШ

Құрылған жылы: 1916 жыл

Columbia-000004Колумбия бизнес мектебі – Нью-Йорктағы Манхэттенда орналасқан.  U.S. News & World Report`s  рейтингісінде 10-орынды иеленді. Студенттер саны  — 1287. Оқу ақысы — $ 65,988.  Қаржы, бугалтерлік есеп, менеджмент, маркетинг т.б. салаларында оқытылады.  Аталған оқу орнын бітірушілер Штатта өте танымал.  Бітірушілердің 92%-ы жұмысқа орналасады.  Әлемдегі миллиардерлердің 14-і осы оқу орнынан шыққан. Соның бірі  Wheelock and Company бұрынғы басшысы (қазіргі уақытта компанияны ұлы басқарады)  Питер Ву.  Ол Forbes- тің 2016 жылғы рейтингісінде   $7,8 млрд  дәулетімен  174 орын иеленген.

Калифорния университеті (Беркли), Haas  бизнес-мектебі, АҚШ

Құрылған жылы: 1898 жыл

4-berkeley-haas-school-of-businessHaas  бизнес мектебі Америкадағы алдыңғы қатарлы бизнес мектептердің бірі.  Іргетасы 1898 жылы Беркли Университетінің коммерциялық мақсаттағы колледжі негізінде құрылған.  Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде студенттер саны көбейе түскен. 1943 жылы магистратура бөлімі ашылды.  U.S. News & World Report`s  рейтингісінде 7-орын иеленді. Студенттер саны – 502. Оқу ақысы — $ 53,907 немесе $ 55,968.  Оқу орнында бугалтерлік есеп, маркетинг, менеджмент, ақпараттық жүйелер т.б. мамандық оқытылады. Оқу орнын бітірген әйгілі түлектер тізімінде  Bank of America   президенті Барбара Десоер, GAP  негізін қалаушы Дональд Фишер, Intel  президенті Пол Отеллини бар.

Қания ТАБЫС «7»