Әлихан Смайылов: Мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзушылықтар 765 есеге төмендеді

37
765
Фото: turkystan.kz

Алматы. 10 ақпан. 7kun.kz — Объектіге шығу кезінде аудиторлар анықтаған мемлекеттік сатып алу бойынша заң бұзушылықтар соңғы 4 жылда 765 есеге төмендеді. Бұл үдерісті автоматтандырудың және тексерудің дистанциялық әдістерін дамытуына байланысты болды, деп хабарлады мәжілістегі үкімет сағатында премьер-министрдің бірінші орынбасары-қаржы министрі Әлихан Смайылов.

«Егер 2015 жылы мемлекеттік қаржылық бақылау кезінде мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар сомасы 233 млрд теңгені құраса, 2019 жылы мемлекеттік аудит 0,3 млрд теңге сомаға мемлекеттік сатып алу бойынша бұзушылықтар анықталды. Бұл ретте камералдық бақылау барысында шарттарға қол қойылғанға дейін 795 млрд теңге сомаға заң бұзушылықтар жойылды. Камералдық бақылауды автоматтандыру мемлекеттік сатып алуды барынша қамтуды 6 есеге арттыруға мүмкіндік берді», — деді министр.

Оның айтуынша, осындай шараларды квазимемлекеттік секторда «Самұрық-Қазына» қорының келісілген сатып алу ережелері, сондай-ақ Қаржы министрлігі әзірлеген ережелер арқылы қолдану жоспарланған.

«Бұл шаралар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің құқық бұзушылықтарының төмендеуіне әсер етуі керек», — деді Әлихан Смайылов.