ЖаңалықтарҚазақстанТаңдаулы1Таңдаулы2

Әлия Назарбаева Мемлекеттік сыйлыққа ие болды

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  2018 жылғы Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты тапсырды.

Алматы. 7 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев  2018 жылғы Әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықты тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекеттік сыйлық беру жөніндегі комиссияның ұсынымдарын қарап, Президент награданы төмендегі тұлғаларға тағайындауды бұйырды:

1) Әбдікәкімов Тыныштықбек, ақын – “Алқоңыр дүние” өлеңдері мен баллад жинағы үшін;

2) Әлпиев Төлеубек Нығметұлы, Бөрібаев Алан Асқарұлы, Байғожин Сүндет Әбдірахманұлы, “Астана Опера” мемлекеттік опера және балет театры коммерциялық емес акционерлік қоғамының шығармашылық ұжымының қатысушыларына — “Абай” операсы үшін (Л. Хамиди, А. Жұбанов););

3)Сатаев Ақан Қарғамбайұлы, Назарбаеваева Әлия Нұрсұлтанқызы, Жақсылықов Тимур Қазбекұлы, Нөгербек Алтынай Бауыржанқызы, Ахметов Әділ Ералиевичке — “Анаға апарар жол” толық метражды көркем фильмі үшін;

4) Бахтыгереева Ақұштап Бахтыгереевна, ақын – “Ана сыры” жыр жинағы үшін;

5) Оралбаев Өтеген Оралбайұлы, ақын – “Шуақты шақ” өлеңдер жинағы үшін.

 

Tags

Осы айдарда

Close