Лондонда әлемдегі ең үлкен Lego дүкені ашылды

Фото: bbc.com

Алматы. 18 қараша. 7kun.kz – Lego ойыншығын жасайтын даттық өндірушілер Лондонда құрастырмалы ойыншықтарының ірі дүкенін ашты. Компанияның мәлімдеуінше, бұл Lego брендінің әлем нарығындағы 131-ші сауда орны.

Лестер-сквердегі жаңа екіқабатты дүкенге келушілер Биг-Бэн мұнарасының алты метрлік көшірмесін көре алады. Ол 200 мың Lego бөлшегінен құралған. Мұнара құрылысына шамамен 2280 сағат уақыт кеткен. Сонымен бірге, конструктардан шынайы көлемдегі Лондон метросының вагоны құрастырылды. Оны жасауға 600 мыңға жуық құрастыру бөлшегі жұмсалды.

_92492249_b53a71c6-6585-44c0-ba61-f6821b885be6Ал арнайы фотоға түсіру орындарында суретке түсіп, 100 фунтқа ($125) 10 минуттың ішінде Mosaic Maker жинағын сатып алуға болады. Ол адамның өз бейнесінің контуры мен қажетті бөлшектер салынған қорапша. Сол арқылы сатып алушы конструктордан өз портретін жинай алады.

_92492252_8975d35d-0013-433a-936c-90f57e70da2cLego Group жекеменшік компаниясы 1932 жылы құрылған. Оның басшылары Kirkbi A/S инвестициялық компаниясы (75%) мен Lego Foundation (25%). Lego штатында қазіргі уақытта 18,5 мың қызметкер жұмыс істейді.

Мөлдір Иманмәди, «7»