Лондонның Қор биржасында Kcell байланыс операторының акциялары арзандады, деп хабарлайды LS.
21 сәуір күнгі сауда барысында компанияның котировкалары 5,84% түскен. Ал, Қазақстанның Қор биржасында акциялар керісінше +1,6% өскен.
LSE-де KAZ Minerals акцияларының құны да төмендеді (-1,05%). Ал «ҚазМұнайГаз» Барлау Өңдеу» компаниясының акциялары +4,79% өсім көрсеткен.
Қазақстанның Қор биржасында Kcell-ден бөлек (+2,4%) мен KEGOC (+1,6%) акциялары қымбаттады. Мұнда тек ҚазТрансОйл акциялары -0,1% төмендеді.
Еске салайық, қор нарығындағы сауда қорытындысы бойынша өткен аптада Kcell акциялары 12% арзандаған. Бұған директорлар кеңесінің девиденттік төлемдерді төмендету турады ұсынысы себеп болған.