Ұлттық банк: 2016 жылдың ең табысты салымы ресей рублі болды

рубль
Kapital.kz

Алматы. 7 ақпан. 7kun.kz — Ұлттық банк 2016 жылғы түрлі қаржы инструменттерінің табыстылығын есептеп шығарды. Бұл туралы Kursiv.kz хабарлады.

Салыстыру барысында жеке тұлғалардың әр түрлі валютада — теңге, рубль, АҚШ доллары мен еурода сақталған депозиттері, қолма-қол сақталған қаражаттары және алтынға салынған инвестициялары есепке алынған.

2016 жылы ең көп табыс әкелеген ресей рублі болған. Қазақстандық және ресейлік банктерге рубль депозиттерінің курстық өзгерістерді қосқандағы табыстылығы  19.4% бен 28.6%-ды құрады.  Ал ресей рублін қолма-қол сақтағандардың табысы — 17,8% пайыз.

Теңгелік депозит 14,6% табыс әкелген.

Басқа жинақ қорлары айтарлықтай табысты болмаған және олардың көрсеткіші инфляциядан төмен және кейбірі шығындалған. Мысалы, алтындағы салымдар 6,4 пайыз (алтынның бағасы 8.5% өсті, ал АҚШ долларына шаққанда теңге 2% нығайды), АҚШ долларындағы депозиттер — 1,0%-ға табысты болған. Еуро депозиттері, тіпті, — 2,2% кері кеткен. АҚШ доллары мен еуро депозиттерін салыстырғанда жылдық сыйақы мөлшерлемесі мен курс өзгерістері қатар ескерілген.

Доллар мен еуроны және теңгені қолма-қол сақтау инвестицияның ең тиімсіз түрі. Себебі қолма-қол сақталған доллар 2 пайызға, еуро 5,1 пайызға, ал теңге инфляцияны есептегенде 8,5 пайызға шығынға ұшыраған.