Ұлттық банк «7 – 20 – 25» бағдарламасын әзірлеуге кірісті

122
20
Фото: Today.kz

Алматы. 13 наурыз. 7kun.kz – Қазақстан Республикасы Президентінің Бес әлеуметтік бастамасы шеңберінде Ұлттық банк «7 – 20 – 25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктері» бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Ол көпшілік үшін тұрғын үй ипотекасының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев бағдарламаны әзірлеген кезде, ең алдымен, өткен бағдарламалардың тәжірибесіне көңіл аудару қажет екендігін атап өтті.

«Қазақстанда 2000 жылдардан бастап тұрғын үй құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыруды ынталандыру мен ипотекалық кредиттеу жүйесін дамытудың түрлі тәсілдері қолданылды. Мысалы, 2000 жылдары іске қосылған ипотекалық кредиттерді секьюритилендіру жүйесі. Бұл төлем жасау қабілетіне сұраныс қазіргіден көп төмен болған жылдары ипотекалық кредиттеуді дамытуға нақты түрткі болды. Сонымен бірге тұрғын үй құрылыс жинақ ақша жүйесі іске қосылды. Ол өзінің өміршеңдігін дәлелдеді», – деді Д. Ақышев.

Қаржы реттеушісінің басшысы қазіргі уақытта Нұрлы жер Тұрғын үй құрылысы бағдарламасы іске асырылып жатқандығын атап өтті. Ол ипотека мен тұрғын үйдің құнын арзандатуға бағытталған. Сондай-ақ, қолданыстағы қаржы инфрақұрылымының мүмкіндіктерін халықпен жұмыс істеу кезінде пайдалануға назар аудару қажет екендігін айтты.

«Банктердің ғана халықпен жұмыс істеу тәжірибесі бар екені және ипотекалық кредиттеу бойынша жаппай қызметтер көрсете алатыны анық. Бұл болашақ бағдарламаның барынша қамтылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан Ұлттық банк өткен жылдардың неғұрлым сәтті тәжірибесін пайдаланып, Мемлекет басшысы айқындаған талаптармен «7 – 20 – 25» бағдарламасын іске қоспақшы: жылдық 7 пайызбен 25 жылға, 20 пайыздық бастапқы жарнамен. Ең бастысы, ипотекалық кредиттерді секьюритилендірудің міндетті тетігімен екінші деңгейдегі банктер арқылы ипотекалық кредиттеудің нарықтық қағидаттарын пайдалану», – деді Д. Ақышев.

Қорытындылай келе, ол, сонымен бірге, жылжымайтын мүлік бағасының құлдырауымен қатар қарыз алушылардың кредиттік тәуекелін жете бағаламаудың ипотекалық қарыз алушыларды, әсіресе халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарын қорғау қажеттілігіне әкеп соққан жағымсыз тәжірибесін ескеру қажет екендігін атап өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!