Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырды

инфляция

Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz — Қазақстанда базалық мөлшерлеме 12% деңгейінде сақталды. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

«Өтімділік беру операциялары бойынша мөлшерлемелер 13%, ал өтімділікті алу операциялары бойынша – 11% құрады. Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2017 жылғы 20 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 17-00-де хабарланады», – деп  Д. Ақышев.

Айта кетейік, Ұлттық Банк 2016 жылы  базалық мөлшерлемені бірнеше рет төмендеткен. 2016 жылғы наурызда базалық мөлшерлеменің 17% деңгейінде сақталатыны хабарланды, ал мамырда Қазақстан Ұлттық Банкі оны 15%-ға дейін төмендетті. Шілдеде базалық мөлшерлеме 13%-ға дейін, ал 2016 жылғы қазанда – 12,5%-ға дейін төмендетілді.

2016 жылғы 14 қарашада Ұлттық Банк базалық мөлшерлеме 12%-ға дейін төмендетілгені туралы хабарлады.