Ұлттық банк екінші деңгейлі банктерге көмектесетін жаңа бағдарлама дайындайды

Алматы. 16 наурыз. 7kun.kz — Проблемалы кредиттер қоры Қазкоммерцбанктің БТА банктен қалған жарты активін 2,4 трлн теңгеге сатып алды. Ұлттық банк басқа банктердің борыштарына қатысты арнайы бағдарлама дайындап жатыр, деп хабарлады Reuters агенттігі.

2017 жылы наурыздың басында еліміздің екі ірі банкі, Қазкоммерцбанк пен Халық банк арасында Qazkom-ның бақылау пакетін Халық банкке стау туралы міндеттелмеген меморандумға қол қойылған еді.

«Қазіргі бағасы 2,4 трлн теңге болатын БТА банктің активін Проблемалы кредиттер қоры сатып алады… Ұлттық қордың трансферті мен бюджеттің бір бөлігі (2 трлн теңгеден көп)… қосымша Проблемалы кредиттер қорының бос қаражаты пайдаланылады», — дейді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Олег Смоляков.

«Негізгі принцп — бұл due diligence өткізу, яғни активтің нақты қандай күйде екенін анықтау. Келісімге енетін потенциалды инвестор банкті капиталдандыруға жеткілікті жағдай жасай алуы қажет», — деді Ұлттық банк басшысының орынбасары.

«Қазкоммерцбанкке Due diligence өткізуге айналасы 2-3 ай уақыт керек». Смоляковтың айтуы бойынша, банкті сатып алу құны таза активтерінің қандай көлемде болатынына байланысты. «Бұл операциядан түсетін барлық қаражат салымшылармен есептесуге жұмсалады. Қарызды құру, капиталды конвертациялау немесе сыртқы қарыздардың мерзімін өзгерту секілді процестер болмайды», — деді ол.

Сонымен қатар, ол қаржы реттеушінің қазақстандық 30 банкке стресс-тест жүргізетінін және оларды сауықтыруға арнайы бағдарлама әзірлеп жатқанын айтты.

«Біз басқа банктерге арналған қосымша  бағдарламаны іске қосамыз. Ұлттық банктің бастамасымен реттеушінің қаражатынан екінші деңгейдегілерге капитал бөліп отыратын оператор құрамыз. Бұл капитал негізігінен тәртіптелген (субординированный — ред.) борыш болмақ», — деді.

Оның мөзіне сенсек, бұл жерде айтылып отырған сома мемлекет тарапынан Қазкомға көрсетілетін сомадан аз. Ал Ұлттық банктен көмек алатын банктердің тізімі бағдарлама қабылданғаннан кейін, бір-бір жарым айдың ішінде белгілі болады.