Ұлттық банк ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыруға 130 млрд теңге бағыттайды

130
Фото: КерекИнфо

Алматы. 13 сәуір. 7kun.kz — Ұлттық банк Қазақстанның тұрақты даму қорына 130 млрд теңге бағыттайды, деп хабарлайды LS.

Ұлттық банктің қаулысымен аталған қаражат ипотекалық тұрғын үй заемдарын қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша бөлінген.

«133 млрд теңге 2017 жылдың 30 маусымында бекітілген банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын жақсарту бағдарламасын жүзеге асыруға арналған. Сонымен бірге, 23 млрд теңге 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін шетелдік валютада берілген ипотекалық тұрғын үй заемдарын қайта қаржыландыруға жұмсалады», — делінген құжатта.

Ұлттық банкте түсіндірілгендей, банктік сектордың қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының іске асырылуына арналған бірінші тармақ бойынша қаражат көлемі айырбас бағамының айырмашылығының негізінде өзгерді және қазіргі уақытта ол 137 млрд теңгені құрайды.