Ұлттық банк мобильді қосымшаны іске қосты

Алматы. 15 қараша. 7kun.kz — Ұлттық Банк «НБК Online» жаңа мобильді қосымшасын ісе қосты. Бұл туралы Астанадағы БАҚ өкілдерімен өткен брифингте ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Қазақстандықтар AppStore және PlayMarket дүкендерінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде «НБК Online» жаңа мобильді қосымшаны жүктей алады.

Жаңа интерфейс арқылы қолданушылар Ұлттық банкпен еш қиындықсыз байланыса алады: онлайн режимде сұрақтар қойып, KASE-дегі сауда-саттықтың нәтижесі, валюталардың бағамдары туралы соңғы ақпаратты, қаржы нарығы жөніндегі деректерді және ҚР Ұлттық Банкінің басқа жаңалықтарын алғашқылардың бірі болып білетін болады.

«НБК Online» қосымшасына күн сайын жаңартылатын жаңалықтар қамтылған.

«Біз ҚР Ұлттық Банкінің «НБК Online» жаңа мобильді қосымшасының іске қосылатынын алдын ала хабарладық. Бүгін мен оның іске қосылғаны туралы ресми түрде хабарлаймын. Мобильді қосымша халықтың реттеушінің қызметі және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ұлттық Банкпен жедел өзара іс-қимылына арналған», — деді Д. Ақышев.

Оның айтуы бойынша, «НБК Online» пайдаланушы өзінің сұрақтарымен, мәселелерімен, ұсыныстарымен Ұлттық Банкке тікелей өтініш жасауына болатын Whatsapp, Viber немесе Telegram сияқты танымал сервистерге ұқсас заманауи мессенджер қызметін атқармақ.

15129867_587623524758534_57743525_n15128773_587623931425160_476210199_n