Ұлттық банктегі банктік депозиттер 178 млрд теңге болды

депозиттер
Фото: inform.kz

Алматы. 30 мамыр. 7kun.kz — Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноттарының өтелген көлемі 2018 жылғы сәуірде 4 966,8 млрд теңгені құрады.

Орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша орташа алынған кірістілік 8,51%, 1 айлық ноттар бойынша – 8,58%, 3 айлық ноттар бойынша – 8,45%, 6 айлық ноттар бойынша – 8,41%, 1 жылдық ноттар бойынша – 8,47% болды.

Сондай-ақ, 2018 жылғы сәуірдің соңында Ұлттық банктің ашық позициясының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 173,2 млрд теңге, кері РЕПО операциялары бойынша – 181,2 млрд теңге, Ұлттық банктегі банктік депозиттері – 178,0 млрд теңге болды.

Ұлттық банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) ашық нарықтағы операциялар бойынша және тұрақты қолжетімді құралдар бойынша бір айда 143,8 млрд теңгеге азайды және сәуірдің соңындағы жағдай бойынша 3,2 трлн теңге болды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы 2018 жылғы сәуірде Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегіндегі деңгейде қалыптасты. Орташа алынған мәні жылдық 8,48% (2018 жылғы наурызда – 8,56%) болды.