Ұлттық банк 78,1 млн долларға интервенция жүргізді

2015 жылдың 9 қазанында Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасында» 78,1 млн доллар көлемінде интервенция жүргізді. Бұл туралы Ұлттық банктің сайтында жазылған.

Еске салайық, 2015 жылдың 20 тамызында Қазақстан теңге курсының еркін айналым жүйесіне өткен болатын. Теңге курсының айырбасы осы сәттен бастап нарықтағы сұраныс негізінде және ішкі-сыртқы макроэкономикалық факторлар есебінің ұсынысы ретінде қалыптасты.

Алайда қыркүйек айында теңге курсы рекордтық деңгейге көтерілді. 16 қыркүйек күні айырбастау пунктерінде доллар бағамы 301 теңгеге дейін жетті. Ұлттық банк жағдайды қалпына келтіру үшін теңге курсына араласты.

16 қыркүйек күні Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуді 144 млн доллардан бастады. 17 қыркүйек– 270,4 млн доллаар, 18 қыркүйек – 67,2 млн доллар, 21 қыркүйек – 213,1 млн доллар, 25қыркүйек – 41,95 млн доллар, 29 қыркүйек – 137 млн доллар, 30 қыркүйек– 225 млн доллар, 1 қазан – 119,9 млн доллар, 2 қазан — 106,5 млн доллар, 5 қазан – 54,5 млн доллар, 6 қазан – 20 млн доллар, 7 қазан – 66,6 млн доллар, 8 қазан – 111 млн доллар болды.