Ұлттық экономика министрі теңге бағамына қатысты түсінік берді

теңге
Фото: ratel.kz

Алматы. 31 тамыз. 7kun.kz — ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов теңге бағамына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы inform.kz хабарлады.

Ол нарыққа көптеген жағдайлардың әсер етуі мүмкін екенін айтты.

«Екі жылдан бері теңге еркін бағам деңгейінде, сәйкесінше біздің теңгенің кез келген шетел валютасына бағамын нарық күші анықтайды. Нарыққа көптеген жағдайлар әсер етуі мүмкін. Менің ойымша, қандай да бір құбылмалы ахуалға ғана назар аударудың реті жоқ. Бұндай құбылыстар байқалып тұрады. Теңге еркін бағамға жіберілгеннен кейін тұрақты деңгейде тұр және осыны ең басты жағдай деп санаймын. Біз осыған үйренуіміз керек, сондықтан бағамды күн сайын немесе апта сайын емес, аймен, тоқсанмен және жартыжылдықпен өлшеу керек», — деді министр.