Ұлттық банк дамушы елдер валютасының нарықтық бағамын ұсынды

дамушы
Фото: economic-definition.com

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі 2019 жылғы 11 қаңтардан 18 қаңтар аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады.

18 қаңтардағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,7%-ға әлсіреп  (376,06-дан), 378,66 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 11 қаңтардан 18 қаңтар аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар Қытайдағы тауарайналымының баяулауы, желтоқсан айында  мұнай өндірудің күрт қысқаруы туралы ОПЕК-тің есебін жариялау, РФ ОБ-нің  бюджеттік қағида аясында ішкі нарықта шетел валютасын сатып алу көлемін мәлімдеуі, Ұлыбритания Парламентінің ЕО-дан шығу бойынша Тереза Мэй  ұсынған  келісімді қабылдаудан бас тартуы және оның сенімсіздік білдіру туралы дауыс берудегі жеңісі, Америка әкімшілігінің Қытайдан әкелінетін тауарларға баждарды алып тастауы ықтималдылығы туралы қарама-қайшы жаңалықтар болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Түрік лирасы инфляцияның баялауына қарамастан, Түркия ОБ-нің қатарынан үшінші рет негізгі мөлшерлемені сақтап тұруы аясында 2,4%-ға (5,46-дан 5,33-ке дейін) нығайды;

Ресей рублі  федералдық қарыз облигацияларын орналастыру және мұнай бағасын бір баррель үшін $60 жоғары  белгілеуі  бойынша Қаржы министрлігінің сәтті аукциондарының аясында 1,1%-ға (66,89-дан 66,18-ге дейін) нығайды;

Мексика песосы $2 млрд сомаға еурооблигацияларды орналастыру аясында   0,2%-ға (19,14-тен 19,10-ға  дейін) нығайды;

Оңтүстік Африка рэнді 13,84-13,85 аралығында саудаланды. ОБ негізгі мөлшерлемені 6,75%-дық деңгейде сақтап қалды және 2021 жылдың соңына дейін бір ретке дейін көтеру арқылы ақша-кредит саясатын қатаңдату бойынша болжамды жеңілдетті  (өткен болжамдағы 2020 жылдың соңына дейін үш көтерумен салыстырғанда);

Индонезия рупиясыОБ-нің негізгі мөлшерлемені  6%-ық деңгейде сақтап тұруы аясында 0,9%-ға (14 048 -ден  14 178- ге дейін) әлсіреді;

Үндістан рупиясы мұнай бағасының өсуі және желтоқсанда инфляцияның баялауы аясында  1%-ға (70,50-ден 71,19-ға дейін) әлсіреді;

Бразилия реалы мемлекеттік шығыстарды қысқартуға бағытталған зейнетақы жүйесіндегі реформалар туралы таяу уақытта заң жобасын қабылдау туралы хабарға қарамастан, 1,1%-ға (3,71-ден 3,75-ке дейін) әлсіреді.