Ұлттық банк төрағасының жаңа орынбасарлары белгілі болды

79
банк
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 26 желтоқсан. 7kun.kz — ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ақылжан Баймағамбетов Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, Әлия Молдабекова да Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары болды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Президентінің Жарлығымен Ұлттық банк ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган — Қаржы нарығын реттеу және дамыту жөніндегі агенттікті бөлу арқылы қайта құрылды. Кейіннен жаңа агенттікті бұрын Ұлттық банк төрағасының орынбасары болған Мәдина Әбілқасымова басқаратыны белгілі болды.