Ұлттық банк валюта айырбастау туралы ақпаратты және айырбас бағамының кестесін жариялайды

344
банк
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz — 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банк ай сайын және тоқсан сайын валюта айырбастау туралы ақпаратты, сондай-ақ айырбастау бағамы кестесін жариялауы тиіс. Бұл туралы ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Ұлттық валюта бағамының тұрақсыздығы, әрине, біздің азаматтар мен кәсіпкерлерді толғандырады. Менің тапсырмам бойынша Ұлттық Банк осы мәселені бақылап, тетіктер әзірлейді. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ұлттық банк ай сайын және тоқсан сайын валюта айырбастау жөнінде ақпарат беретін болады. Сондай-ақ валюта айырбастау бағамының кестесі жарияланып, ақша-несие саясатының стратегиясы қабылданады», — деді мемлекет басшысы.