Ұлттық банктің экс-төрағасы бұрынғы Альфа қазіргі ECO BANK -тің директорлар кеңесін басқарады

Алматы. 13 мамыр. 7kun.kz — Бүгін Қазақстандық қор биржасы Альфа-Банктің директорлар кеңесі толығымен жаңарғанын хабарлады. 5 мамырдағы акционердің шешімімен төмендегі азаматтар директорлар кеңесінен шығарылған.

— Нұрлан Құсаинов – директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор  

— Илья Поз – директорлар кеңесінің мүшесі

— Олег Сысуев – директорлар кеңесінің мүшесі

— Денис Осин – директорлар кеңесінің мүшесі

— Сайёра Аюпова – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор

— Иван Пятков – директорлар кеңесінің мүшесі,

— Эльжана Дуйсемалиева – директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директор.

Бұлардың орнына төмендегі құрам тағайындалған.  

— Әнуар Сайденов – директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор  

— Жұмагелді Аманқұлов – директорлар кеңесінің мүшесі

— Марат Кенжеханов – директорлар кеңесінің мүшесі.

5 мамырдағы жағдай бойынша Альфа-Банктің 100% ЦентрКредит банкіне теиселі. 6 мамыр күні БЦК ресейлік қаржы инстиутын сатып алып, «ECO BANK» ЕБ АҚ деп өзгерткені туралы хабарлаған еді.

Айта кетейік БЦК-ның иелері Бақытбек Байсейітов (40,11% тиеселі) пен экс-басқарма төрағасы Владислав Ли (үлесі 9,23%).

Бұрынғы  Альфа қазіргі  ECO BANK -тің директорлар кеңесін басқаратын Әнуар Сайденов ұзақ жылдар бойы қаржы саласында еңбек етіп келе жатыр. Ол 2004-2009 жылдары Ұлттық банк төрағасы, Инвестиция жөніндегі ҚР Агенттігінің, Халық банк пен БТА банктің басқарма төрағасы, Эксимбанк Қазақстанның төрағасы, Қаржы вице-министрі болған.