Ұлттық экономика министрлігінің Facebook-тегі парақшасын бұзды

Facebook
Фото: cfatech.ng

Алматы. 24 шілде. 7kun.kz – Қазақстанның Ұлттық экономика министрлігі Facebook желісіндегі ресми парақшасыз қалды. Бұл туралы ҚР ҰЭМ-нің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Біз Facebook әлеуметтік желісіндегі біздің ресми парақша бұзылғаны туралы бұрын берілген ақпаратты растаймыз. ҚР Ұлттық экономика министрлігі бұл параққа және ондағы ақпаратқа ешқандай қатысы жоқ», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жақын арада ведомство осы әлеуметтік желіде (Facebook) ресми парақшасын ашатынын айтты.