Ұлттық валюта 1 теңгеге нығайды

нығайды
Фото: inbusiness.kz

Алматы. 23 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 377,97 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (378,98 теңге/$1) ұлттық валюта 1,01 теңгеге нығайды.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 377,20 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 378,60 теңге, жабылу курсы бір долларға 377,80 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 148 млн 360 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 284.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 379,5 теңге, Алматыда – 380 теңге.

Ұлттық Банктің 23 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 379,01 теңгені құрайды.