ЖаңалықтарҚаржыТаңдаулы1

Ұлттық валюта бағамы 3 теңгеге әлсіреді

Таңғы сессияда доллардың орташа өлшемді бағамы 372,37 теңгені құрады.

Алматы. 11 қазан. 7kun.kz –  Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 372,37 теңгені құрады. Кешегі  таңғы сессиямен салыстырғанда (369,05 теңге/$1) ұлттық валюта  3,32 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 369 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 373,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 372,35 теңгені құрады.  Доллармен жасалған сауда көлемі 59 млн 400 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша  айырбастар саны – 100.

Астананың ақша айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00-де 372,7 теңге, Алматыда – 372 теңге.

Tags

Осы айдарда

Close