Ұлттық валюта бағамы 3 теңгеге нығайды

9
заіды
Фото: Today.kz

Алматы. 10 қазан. 7kun.kz — Бүгін Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 369,05 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (372,22 теңге/$1) ұлттық валюта 3,17 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 368,47 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 370,90 теңге, жабылу курсы бір долларға 369,20 теңгені құрады. Доллармен жасалған сауда көлемі 34 млн 850 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айрбастар саны – 73.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық доллардың сатудың ең жоғары курсы 11:00-де 372,7 теңге, Алматыда – 372 теңге.