Ұлттық валюта бағамы 4,91 теңгеге нығайды

50
теңге
Фото: kr.123rf.com

Алматы. 2 қазан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 359,44 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (364,35 теңге / $1)  ұлттық валюта 4,91 теңгеге қымбаттады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 358,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 362,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 359,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 45 млн 650 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 97.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:00 де 364 теңге, Алматыда – 363,5 теңге.