Ұлттық валюта позициясын жақсартты

120
ұлттық
Фото: informburo.kz

Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz — Бүгінгі Қазақстан қор биржасындағы (KASE) доллардың орташа бағамы сағат 11:00-де 382,66 теңгені құрады. 23 желтоқсандағы деректермен салыстырғанда (382,77 теңге / 1 доллар) ұлттық валюта 0,11 теңгеге нығайды.

Kurs.kz ақпаратына сәйкес, сағат 11:15-те елорданың айырбастау пункттерінде америкалық валютаны сатудың ең жоғары бағамы — 384,5 теңге, Алматыда — 385,5 теңге.

Ұлттық Банктің 24 желтоқсандағы ресми (нарықтық) бағамы 1 доллар үшін 382,65 теңгені құрайды.