Ұлыбританияда Еуропалық одақтан шығу туралы референдум басталды

Фото: lenta.ru

Бүгін Ұлыбританияда Еуропалық одақтан шығу туралы референдум басталды. Мемлекеттің 47 миллионға жуық азаматы «Біріккен корольдік Еуропалық одақ мүшесі болып қалу керек пе?» деген сұраққа жауап беретін болады.

Қазіргі уақытта мемллекетте 41 мың сайлау учаскелері жұмыс істеп жатыр. Референдум нәтижесі британдық уақытпен 23 маусым күні кешке белгілі болады.

Сондай-ақ, елдегі айырбастау пунктерінде кезек күтушілер саны көбейген. Халық Корольдік одақтан шыққан жағдайда фунт стерлинг бірден әлсіреп кетуі мүмкін деген күдікпен ақшаларын доллар мен еуроға ауыстырып жатыр. Ал интернет арқылы шетел валютасын сатып алу бойынша түскен өтініштер өткен жылман салыстырғанда 380%-ға дейін көбейген. Сарапшылар мұндай өсім тікелей референдуммен байланысты деп отыр.

Мемлекеттің Еуропалық одақтан шығу шықпауына қатысты нақты болжам айту қиын. Себебі 22 маусым күні алдын ала жүргізілген әлеуметтік сауалнама барысында Корольдіктің одақтан шығуын қолдайтындар 49 пайызды құраған. Ал халықтың 51 пайызы Ұлыбританияның одақтан шығуына қарсы.