Мұхтар Әбілязов Ресейге беріледі

БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязов Ресейге беріледі. Франция соты осындай шешім қабылдады деп хабарлайды РИА Новости.

Ресей бұрынғы банкирді құқық бұзушылық пен алаяқтық үшін, өз қызметін асыра пайдаланып, жалған құжаттар жасап, 5 млрд доллар қаржыны жымқырғаны үшін айыптап отыр.

Бұдан бұрын, Францияның кассациялық соты Мұхтар Әбілязовты жеткізу туралы шешімнің аппеляциясын кейінге қалдырған. Қашқын банкирды қайтару туралы сұраныс Украинаға да жіберілген болатын.  М.Әбілязовтың өзі сот шешімі туралы өткен аптада естіген, бірақ бұған келіспей, қайта шағым түсірмек.

Мұхтар Әбілязов 2013 жылы шілдеде Францияда тұтқындалған еді. 2014 жылдың қаңтарында Франция сотының төменгі инстанциясы банкирді экстрадициялау туралы шешім қабылдағанмен, сәуір айында Кассациялық сот шешімді кейінге қалдырды.  Іс Лионның аппеляциялық сотында қайта қаралып, Ресейдің банкирды қайтару туралы сұранысы қанағаттандырылды.

Қазақстанда Мұхтар Әбілязов 6 млрд доллардан көп қаржыны жымқырырғаны үшін айыпталып отыр. Өз отанында банкирдің мүлкін тәркілеп, 13 жылға сотталуы мүмкін.