Мұнай бағасы 51 доллардан асты

Фото: news.rambler.ru

Brent маркалы мұнайдың бағасы 51 доллардан асты. Соңғы рет мұнайдың фьючерстік құны 23 шілдеде 50 доллардан асқан болатын.

Астана уақытымен сағат 11.45-те қара алтынның қазан айына арналған фьючерстік бағасы 2,29 айызға көтеріліп, баррелі 51,02 долларға дейін қымбаттады.

Бұдан бұрын Forex Club сарапшсы Ирина Рогова қыркүйек айының соңына дейін Brent маркалы мұнайдың құны 53 долларға дейін қымбаттауы мүмкін деген. Ал теңгеге қатысты пікірінде мұнайдың баға белгіленімі ұлттық валютаның долларға қатысты нығаюына әсер ететінін айтқан.

«Ұлттық валюта 330-327 теңге деңгейінде нығаюы мүмкін. Оның үстіне Ұлттық пайыздық мөлшерлемені 13 пайыз деңгейінде сақтап, қатаң монетарлы саясатты ұстанып отыр», — деді сарапшы.