Мұнай бағасы түсуін тоқтатты

852
Фото: mignews.com

Өткен аптадан бері бағасы құлдырап бара жатқан қара алтынның құны түсуін тоқтатты. Қымбаттады деп айтуға да болмайды, бірақ Brent маркасының бағасы барреліне 47 доллардан сәл асты. Бұл туралы Vesti Finance сайты жазды.

Сарапшылар АҚШ энергетика министрлігінің мұнай қоры мен өндірісі жайлы әр сәрсенбі сайын жарияланатын есебіндегі деректер бағаның тұрақтауына әсер еткен фактор болғанын айтады.

Оған сәйкес, АҚШ-та мұнай қоры 2,3 млн баррельге дейін азайған. Бұлай азаю тоғыз аптадан бері жалғастырып келеді. Дегенмен, Кушингідегі мұнай мен жанармай қоры айтарлықтай көбейген.

АҚШ-та бұрғылау орындары артып келе жатқандықтан, трейдерлер алаңдаулы. Олар өндірілетін мұнай көлемін жіті бақылап отыр. Оған себеп те бар. Соңғы деректер бойынша, АҚШ-та өндірілетін мұнай қоры екі апта бойы көбейіп келеді.

Мысалы, Аляскада мұнай өндіру көлемі аптасына 411 мың баррельге дейін, күніне 38 мың баррельге дейін артқан. Бірақ қалған 48 штатта алынатын мұнай  29 мың баррельден 8,045 млн баррельге дейін азайған.