Мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді

128
23
Фото: inform.kz

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы бейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы төмендеді.

Лондонның ICE Futures биржасында наурыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,07 долларға дейін түсіп, бір баррель мұнайдың бағасы 69,31 доллар болды.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың ақпан айында жеткізілетін фьючерстері 0,02 долларға арзандап, бір баррельдің бағасы 63,95 долларды құрады.