Мұнаймен теңізді ластағаны үшін салынатын айыппұл көлемі 126 млн долларға дейін жетуі мүмкін

70
мұнаймен
Фото: Литер

Алматы. 21 қараша. 7kun.kz – Қазіргі уақытта Каспий теңізінің қазақстандық секторында (КТҚС) ҚР жалауын тіккен 300-ден астам кеме жүзеді. 12 кеме халықаралық тасымалдауларды іске асырса, қалғандары мұнай кен орындарын игеру операцияларына атсалысады деп хабарлайды Инвестициялар даму министрлігінің баспасөз қызметі. 

Осылайша, 2001 жылдың Бункерлік жанармайдың ластауынан келетін зиян үшін азаматтық жауапкершілік жөніндегі Халықаралық конвенцияны (әріқарай – Конвенция) және Мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін азаматтық жауапкершілік туралы халықаралық конвенцияны өзгерту жөніндегі 1992 жылғы хаттаманы ратификациялау жоспарланған.

Қазір заңнамада кеме иесінің жауапкершілігі тек қана жүк ретінде тасымалданатын мұнаймен ластау кезіндегі келтірілетін зиян үшін ғана қарастырылған. Бірақ, бункерлік жанармай да сондай қатер төндіреді. Конвенцияны ратификациялау теңізді жанармаймен ластаған кезде кеме иесінің жауапкершілігін белгілеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, ластау қатерінен міндетті сақтандыруға талаптары қарастырылып, бункерлік жанармайдың төгілуінен зиян шеккен тұлғаларға өтемақы механизмі белгіленетін болады. Қазіргі уақытта Конвенцияға 75 ел мүше.

Аталған Хаттаманы ратификациялау танкермен тасымалдау кезінде мұнаймен ластау кезінде келтірілген зиян үшін кеме иесінің жауапкершілігі бойынша тәртіп өзектілігінің арттыруға мүмкіндік береді. Осы тәрізді тәртіп 133 мемлекетте қолданылады. Сонымен бірге  ластау қатерінен міндетті сақтандыруға кеме иесінің жауапкершілігін 20 млн-нан 126 млн долларға дейін арттыру көзделген; мұнаймен ластаудан келтірілген зиян үшін төлемақы мөлшері кеменің су сыйымдылығына байланысты болады; азаматтық жауапкершілікті қолдану аумағы айрықша экономикалық зонаға дейін кеңейтіледі.

Сонымен бірге осы атап өткен құжаттарды ратификациялаумен қатар Комитетпен ұлттық заңнамаға көлікке қарасты сұрақтар бойынша өзгерістерді енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» ҚР заңында Кемелердің ластауын болдырмау ережелерін бекітуге қатысты ҚР ИДМ құзыреті қарастырылған.

Бұған дейін Қазақстан мен Ресей Каспий теңізінің солтүстік бөлігін шектеу бойынша келісімге қол қойған еді.