Мұны көрсе Стив Джобс ренжитін еді

0
244
iPhone

Жылдағы дәстүр бойынша өткен Apple-дің жаңа өнімдерін таныстыру шарасы журналистердің көңілінен шықпады. «Тим Кук пен оның командасы адамдарға мереке сыйлағысы келгенімен таныстырылым таңқалысқа толы болды.  Әлемдегі ең әйгілі  IT-корпорацияның  өзі  дедлайнмен жүрмейтін болып шықты», деп жазады БАҚ.

Стив Джобстың қайтыс болғанына 6 жыл толды. Осы аралықта әртүрлі сала өкілдері «iPhone-нің әкесін» ренжітудің түрлі жолдарын жасады. Біреулер ол туралы нашар фильм түсірсе, енді біреулер оның адамзат дамуына қосқан үлесін мойындамады. Бірақ бұлардың барлығы 2017 жылдағы Apple-дің жаңа өнімдерін таныстыру кешіндегі оқиғаға жетпейді.

Журналистерге не ұнамады?

Жаңа өнімдердің таныстырылымы Стив Джобсті еске алудан басталған.  Мақтау мен еске алуды «Apple —Стивтің ең басты өнімі» —  деп аяқтаған Apple-дің бас директоры Тим Кук компанияның фирмалық дүкендері туралы баяндауға Анджела есімді қызметкерді шақырған. Алайда суфлерден оқып, жасанды сөйлеп тұрғандай әсер қалдырған оның баяндамасы елді есінете бастаған.  Сүреңсіз басталған бірінші бөлім  толығымен солай өтті.  Қысқа үзілістерде жарнамалық роликтер жиі көрсетіліп, сахнада жалпылама сөздер көбірек айтылған. БАҚ өкілдері  «бұлардың ешқайсысы жиналғандарға керек емес еді»,- деп жазады. Қалам ұстағандардың пікірінше бірінші бөлімде елді елең еткізген бірнеше ғана жаңалық болыпты.

  1. Apple Watch жарнамасына оқыс оқиғада бір аяғынан айырылған ресейлік киборг түскен.
  2. Apple Watch-тің үшінші толқыны бұған дейінгілерден LTE-нің болуымен ғана ерекшеленеді. Енді смартфонсыз қоңырау шалып, хабарлама жазуға, Apple Music-тен музыка тыңдауға болады. Соңғысын таныстырылым кезінде компания өкілдері төңкеріс деп бағалады.
  3. Apple TV енді 4К-өлшемді қолдайды.

Екінші деңгейлі гаджеттердің таныстырылымынан кейін кезек кештің ұйымдастырылуына негізгі себепкер iPhone-дарға келіп жеткен. iPhone 8, iPhone 8Plus пен iPhone X-тің ерекшеліктерін айтып болғаннан кейін таныстырылымды  Тим Куктың «Стив Джобс бізбен мақтанатын еді» деген сөздермен аяқтаған. Алайда журналистер «Кук өздерін асыра мақтап жіберді, мұндай нашар таныстырылымнан кейін Стив  сөзсіз жынданатын еді», — дейді.

Неге нашар?

Журналистер бұл таныстырылым «ең нашар болды» деп бағалады.

Жыл бойы күткен iPhone X сатылымға қыркүйекте емес, қарашада шығады.  2016 жылы Apple AirPods-ты кешіктіргені сияқты жағдай болады. «Таныстырылымнан кейін 6-8 апта күттіріп барып, шығару көпшілікке ұнамайды»,-дейді журналистер.

iPhone X рамкасыз емес. Көзге көрініп тұратын рамкасы бар. Жоғарғы бөлігіндегі сызықты көріп, ойын ойнау кезінде жүйкеге тиеді, мұны не істейтіні белгісіз. Экран аумағындағы пиктограмманың қайда кеткенін, «iPhoneбасы» Тим Куктан басқа ешкім білмейтін секілді.

Бет-әлпетті тану тамаша жұмыс істейді дегенмен, таныстырылым кезінде компания қызметкері Крейг Федериги екі рет қатарынан іске қоса алмай, нүктені басып қосуға мәжбүр болды. БАҚ өкілдері «бұл нағыз масқара жағдай, мүмкін оның қолында әлі толық жасалмаған нұсқасы болған шығар», деген пікірлер де айтылды.

iPhone X64 256 ГБ нұсқамен шығарылады. 128 Гб нұсқасы ең көп сұраныста екенін компания ескермеген.

Сыртының әйнек болуы жаңалық емес. Соңғы 3 жылда оны тіпті қытайлық компаниялардың өзі қолданып жүр.

Жауапсыз сұрақтар

Ұзаққа созылған, қызықсыз таныстырылымда журналистер қауымынан келесідей сұрақтар туындаған:

  1. Apple Watch дизайны неге өзгермеген? 2014 жылғы дизайнмен 2018 жылға бармақшы ма?

2. Snapchat сервисінің анимациялық смайлдары мен маскаларына сонша ұзақ уақыт бөлуге не себеп болды?

3. iPhone, Apple Watch және AirPods-ты бірге қуаттауға арналған AirPower-ді таныстырып, бұл тек концепт, 2018 жылы ғана шығады деуге не себеп болды?

Жалпы алғанда Apple таныстырылымында ешқандай ерекшелік болмады. Өзгеріс аз, пафос пен мақтану басым. Таныстырылған өнімдердің ішінен іліп алары iPhone X.

Әлемдік БАҚ өкілдерінің таныстырылым туралы жазғаны осындай. Алайда бұл кәсіби тұрғыдағы баға, қарапайым халық мұны байқамауы да мүмкін. Оны сатылым басталған кездегі кезекке қарап білеміз.


Пікір жоқ

ПІКІР ҚОСУ