Мәскеудің бұрынғы мэрі Қазақстанда су таратқыш желі салуға ниетті

Фото: vesti.ru

Мәскеу. 31 қазан. 7kun.kz — Мәскеудің бұрынғы мэрі Юрий Лужков Қазақстанда (Маңғыстау облысында) құны 2 млрд долларды құрайтын су таратқыш желі салуға ниетті. Бұл туралы ол жұма күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде мәлімдеген. Жоба жөнінде ол РБК телернасына берген сұхбатында да айтты.

«Нұрсұлтан Әбішұлымен бұл мәселені талқылауды бастадық. Енді біз барынша дайындаламыз. Мен жоба қолдау табады және халық үшін тиімді болады деп ойлаймын», — деді ол.

Оның сөзінше, көлемі шамамен 200 шақырымды құрайтын қуатты су таратқыш желі құрылысы Каспий теңізінің солтүстік бөлігінен басталып, Маңғышылақ түбегіне дейін жетуі мүмкін. «Жоба үлкен, шамамен 2 млрд долларды құрайды. Бірақ бұл алдағы он жылға арналған болжам», — деді ол.

Оның атап өтуінше, егер елдімекенде су болатын болса, міндетті түрде бизнес пен өндіріс, ауыл шаруашылығы, шипажай бизнесі дамиды. Сондай-ақ, жобаның потенциалды инвесторы бар.

«Біз осы жобаны жүзеге асыратын, оны қаржыландыратын банктік жүйені таптық. Жұмсалған қаражат суға төленген ақы арқылы қайтарылады», — деді ол. Алайда аталған банктік жүйе қазақстандық емес, халықаралық жүйеге тән.