Мәжіліс спикері министрлерге сын айтты

557

Парламент мәжілісінің спикері Қабиболла Жақыпов министрлер кабинетін республикалық бюджетке жауапсыз қарағаны үшін сынады.

«Сіздің жауабыңызға көңілім толмайды, — деді ол Қаржы министрі Бақыт Сұлтановқа. — Сағынтаев (Бақытжан Сағынтаев — 7kun.kz), байқаймын, кіреді, шығады, мүмкін бұл сұрақты бүгінгі күн тәртібінен алып, сіздерді басқа жұмыстарыңызбен айналысу үшін жіберу керек шығар?! Қараймын, Досаев (Ерболат Досаев — 7kun.kz) та жоқ болып кетті, екіншісі жоқ! Басқа күнге Мәсімовтың (Кәрім Мәсімов — 7kun.kz) бастауымен дайындалып келіңіздер. Қандай қарым-қатынас бұл?!», — деді ол бүгін республикалық бюджеттің орындалуы жөніндегі Үкімет пен Есеп комитетінің есебін талқылау кезінде.

«Жыл сайын бір мәселе, тәртіп орнататын кез болды ғой? Бұлай келуге болмайды (бюджет мәселесіне — 7kun.kz). Қарасаң, бюджет емес, түсініксіз бірдеме! Мұндай сомадағы қаражат, Орталық Азия мемлекеттерінің жарты бюджетін құрайды. Ал, мұнда емін-еркін 382 миллиардты ары-бері кетті дейді, сонымен бәрі аяқталады», — деді спикер.