Маңғыстауда ТМД бойынша алғашқы геопарк құрылады

геопарк
Фото: nationalgeographic.kz

Ақтау. 15 тамыз. 7kun.kz — Жыл соңына дейін Маңғыстау облысының ерекше табиғи нысандары толық зерделеніп, геопарк құратын жерді анықтау мақсатында және ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркіне үміткерлерге қойылатын талаптарға сәйкес өтінім дайындалатын болады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

ЮНЕСКО-ның жаһандық геопаркі мәртебесін алу үшін Маңғыстау облысының аумағындағы табиғи және мәдени мұраларды ұсыну жөнінде жұмыс тобы құрылып, іс-шаралар жоспары жасалған.

Айта кету керек, Маңғыстауда құрылатын геопарк тек республика көлемінде ғана емес, сондай-ақ ТМД көлеміндегі алғашқы геопарк болмақ. ЮНЕСКО-ның жаһандық геопарк жүйесіне әлемнің 35 елінің 127 геопаркі кіреді.