Мамин: Қазақстан мен Өзбекстан екіжақты сауда көлемін 3 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр

203
Мамин
Фото: /primeminister.kz/

Алматы. 5 мамыр. 7kun.kz — 4 мамыда Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Ташкентке жұмыс сапары аясында Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі. 

Кездесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Асқар Мамин Өзбекстан Орта Азиядағы Қазақстанның ірі сауда серіктесі екенін, екі ел арасындағы сыртқы сауда айналымы 2018 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 50 пайызға артқанын атап өтті. Жыл соңына дейін өзара сауданы ұлғайтудың әлеуетін ескере отырып, екіжақты сауда көлемін 3 млрд долларға дейін жеткізу көзделіп отыр.

Мирзиёев пен Маминнің кездесуі барысында Астанада Қазақстан–Өзбекстан бірінші өңіраралық форумын, Ташкентте Орта Азия елдерінің Өңірлік экономикалық форумын, Шымкентте Іскерлік кеңестің бірінші отырысын және бірлескен бизнес-форумды өткізу туралы келісімге қол жеткізілді.